KZ

Қазақстан Украинамен бірлесіп ядролық отын өндірісін құруға мүдделі

Расcказать Вконтакте

Бұл туралы Киевте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Украинадағы елшісі Амангелді Жұмабаев мәлім етті, деп хабарлады Укринформ агенттігі.

Дипломаттың айтуынша, Қазақстан Украинамен ядролық отын саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ. "Уран өндіру және өңдеу, отын таблеткаларын дайындау, Украинаның жоғары оқу орындарында ядролық энергетика саласы бойынша қазақстандық мамандарды дайындау мәселелері зерттеледі", деді ол.Дипломат сондай-ақ, жаңа атом электр стансасының құрылысын жоспарлап отырғандықтан да, Қазақстанның Украинамен ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.А.Жұмабаевтың айтуынша, Қазақстан 2011 жылы Украинаға 2 миллион тонна мұнай жеткізбек.

Уран өндіру және өңдеу, отын таблеткаларын дайындау, Украинаның жоғары оқу орындарында ядролық энергетика саласы бойынша қазақстандық мамандарды дайындау мәселелері зерттеледі

"Осыдан екі апта бұрын мұнай жеткізілімі бойынша тарифтік мәселелер келісілді", деп атап көрсеткен ол, 6 миллион тонна мұнайдың Украина арқылы транзиттелетінін, 2 миллион тоннаның Украина аумағында мұнай өнімдеріне өңделетінін нақтылады. Бұл жеткізілім екі ел президенттерінің арасындағы келісімдердің негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан сонымен бірге Украина конструкторлық бюролары шығаратын ұшақтарды өз аумағында құрастырудың мүмкіндігін қарастыруда.

 

Новости Казахстана
Қазақстан Украинамен бірлесіп ядролық отын өндірісін құруға мүдделі
Mailfire view pixel