KZ

Металлургия зауытында жаңа кешен іске қосылды

Расcказать Вконтакте

Еліміздің индустрияландыру картасына Павлодар облысынан 55 жоба енді.

Соның 13-і Ақсу ферроқорытпа зауытында жүзеге асырылады. Кәсіпорында қалдықты қайта өңдеп жоғары сапалы хром кенін байытатын жаңа кешен іске қосылды. Зауыт айналасында көп жылғы өндіріс қалдықтары шоғырланып қалған. Бір жылда соның 1 млн тоннасы кәдеге жаратылады.

Толық автоматтандырылған өндірісте 120 адам жұмыс істейді. Зауыт басшылығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де басты назарда ұстап отыр.

Тәуелсіздік мерекесі орай 61 металлургтер отбасы қоныс тойын тойлады. Бақытжан Сағынтаев, облыс әкімі: Құтты болсын, жайлы болсын! Осындай ұлы мерекенің алдында зауыттың тарапынан өздерінің жұмыскерлеріне деген осындай сый-сияпат таусылмасын, молынан болсын деп айтқым келеді.Әсел Бегімбетова, Ақсу қаласы тұрғыны:Бүгін осы пәтер алып отырмыз. Мерекенің қарсаңында барлық Қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын! Келісім мен бейбітшілік болса барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

Новости Казахстана
Металлургия зауытында жаңа кешен іске қосылды
Mailfire view pixel