KZ
"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік жолы толығымен қазақстандық материалдардан салынуда
Новости Финансы

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік жолы толығымен қазақстандық материалдардан салынуда

Расказать Вконтакте

Жамбыл облысында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің бойында 9 шақырымдық жаңа жол ашылды. Бұл жол Жуалы ауданының аумағымен өтеді.

Жаңа бағыттың құрылысы кеше аяқталған болатын. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің қашықтығы 495 шақырымды құрайды. Оның 80-ні осы жылы тартылды. Бұл құрылыс жобасында жоспарланған мөлшерден 20 шақырымға артық. Алайда, жол қозғалысы әзірге 50 шақырымда ғана жүріп жатыр.

Қалған бөлігі елді мекендердің жанымен өтетін болғандықтан, қалған жол бөліктері әзірге жабық. Бүгінде тасымал бағытының құрылысына 10 мың адам жұмылдырылған. Жобадағы шетелдік мамандардың үлесі 1 пайызды ғана құрайды.

Жол толығымен қазақстандық материалдардан салынуда. Еуропада ғана шығарылатын ұсақ бөлшектердің өзін отандық кәсіпорындарда шығару ұйғарылды.

Жол толығымен қазақстандық материалдардан салынуда.

Ұлан Әліпов, КжКМ автомобильді жолдар комитетінің Жамбыл департаменті бастығы: - Қажетті бөлшектердің өндірісі Луговая стансасында жүзеге асырылатын болды. Жақында сынақ түрінде бірінші шығарылымы да болды. Сондай-ақ Тараз қаласының кәсіпорны да қажетті жабдықтарды шығаратын болды.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии