KZ
2010 жылы жапырақты шәйға деген сұраныс 10 пайызға артты
Новости Финансы

2010 жылы жапырақты шәйға деген сұраныс 10 пайызға артты

Расказать Вконтакте

Сондай-ақ өнім бағасы 50 пайызға қымбаттады.

2011 жылдың мамыр айына дейін баға бірқалыпты болады. Бұл туралы сала мамандары хабарлап отыр.

Қазір аталған нарықтағы қаржы айналымы 250-300 млн. долларға жетті. Қазақстанда шәй өндірісімен айналысып, отандық нарықты қамтып отырған 6 ірі компания бар.

Олардың жылдық өндірістік қуаты 22 млн. тонна. Әрбір қазақстандық бір жылда 2 келіге жуық шай тұтынады. Ел тұрғындарының 89 пайызы қара шәй ішеді. Жалпы тұтыну көлемі жыл сайын 1 пайызға артуда. Нұрмолла Қазбеков, шәй өндіруші компаниясы директорының орынбасары: - Біз шайдың қымбат түрлерін импорттаймыз. Себебі бізде сапалы, дәмді шәйға сұраныс жоғары. Нарықтағы өнімнің 10 пайызы импорталса, қалған 90 пайызын жергілікті компаниялар өндіреді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии