KZ
ЖШС "Батыр" заңсыз көмір өндірген
Новости Финансы

ЖШС "Батыр" заңсыз көмір өндірген

Расказать Вконтакте

Бұл туралы облыстық табиғатты қорғау прокуроры Рүстем Дүйсембаев хабарлады.

Қарағандыда "Батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңсыз көмір өндіргені үшін соттың шешімімен 1,1 миллиард теңгенің шығынын өтеуге міндетті.

"Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген тексерудің барысында, "Батыр" серіктестігінің 2001-2003 жылдардың аралығында және 2006 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін келісімшарт жасалған аумақтан тыс жерде ашық әдіспен заңсыз көмір өндіріп келгені анықталды.

Тексерудің нәтижесі бойынша Нұра-Сарысу экология департаментінің бастығының атына анықталған заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілді", - деп түсіндірді табиғатты қорғау прокуроры.Экономикалық сот қоршаған ортаға келтірілген 1,1 миллиард теңгенің шығынын өтеу туралы департаменттің шағымын толық көлемде қанағаттандырды.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии