KZ
БҚО "Халал" стандарттарына сәйкес ет өңдеу кешені ашылды
Новости Финансы

БҚО "Халал" стандарттарына сәйкес ет өңдеу кешені ашылды

Расказать Вконтакте

Оралға қарасты Деркөл кентінде 10 желтоқсанда "Халал" стандарттарына сәйкес "Жайық Ет" ет өңдеу кешені ашылды.

Кәсіпорынның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Елбасы тапсырмаларына сәйкес қайта өңдеу саласына қаржы көптеп салынып жатқанын атап өтті.

Мәселен, өткен жылы өңірде құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын өсімдік майын шығаратын зауыт, құны 1 млрд. теңге тұратын ірі диірмен кешені, 520 млн. теңгеге мия тамырын қайта өңдеу зауыты іске қосылса, биыл 8640 бас ірі қара малын бір мезгілде өсіруге арналған бордақылау кешенінің құрылысы аяқталмақ.Бүгін бірінші кезегі іске қосылып отырған "Жайық Ет" ет өңдеу кешені де маңызды. Бұл жоба малды "Халал" стандарты бойынша союға, ауыл шаруашылығы малының етін, терісін және ішкі құрылысын алғашқы өңдеуге бағытталған. Заман талаптарына сай қондырғы 70 бас ірі қара малының өнімін қайта өңдеуге және ауысымына 10 тонна ет шығаруға мүмкіндік береді.Ет өңдеу кешені биылғы жыл ішінде қысқа мерзімде салынып шықты. Жобаның толық құны 420 млн. теңгені құрайды. Жоба кәсіпорынның өз қаражаты мен банктердің несиелері есебінен жүзеге асырылып отыр.Кешен іске толық қосылған жағдайда жергілікті шикізаттан халықты ет консервілерімен, шұжық өнімдерімен және басқа да негізгі өнімдермен қамтамасыз етуге және мал шаруашылықтарына ірі қара малын союға өткізуге мүмкіндік береді. Оның әлеуметтік астары да жоқ емес. Ет өңдеу кешенінде 50 жұмыс орны ашылмақ.Соңғы екі жыл ішінде өңірде қайта өңдеу кәсіпорындарының саны, жыл сайын өндіріс көлемінің едәуір өсіп отырғандығы қуантады. Сонымен қатар шығарылатын өнімнің ассортименті артып, кәсіпорындардың өнімдері көрші облыстардың азық-түлік нарығында үлкен сұранысқа ие болып отыр.

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии