KZ
Жанар-жағар майдың сапасы көтеріледі
Новости Финансы

Жанар-жағар майдың сапасы көтеріледі

Расказать Вконтакте

Еліміздегі автодилерлер саудалап отырған жаңа автокөліктер экологияның ең жоғары стандарттарына сай, алайда біздің жағармайлар экологияға қатысты жасалған бүкіл әрекеттерімізге кері әсер етіп отыр.

Бұл жайында бүгін Қазақстан автокөлік бизнесі қауымдастығының (ҚАБҚ) президенті Арсений Сидоров Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты. А.Сидоров аталған қауымдастыққа қатысушы автодилерлер 2014 жылы "Еуро-5" стандартына сәйкес келетін автокөлік жанар-жағар майын шығаратын отандық мұнай өңдеуші зауыттарды қайта құрылымдаудағы Үкімет жобасын қолдайтындығын айтады. "Елімізге экологиялық талаптарға жауап бермейтін ескі көліктерді кіргізбеу аса маңызды міндет болып табылады. Осы тұста көліктер пайдаланатын жанар-жағармайдың сапасы жоғары стандарттарға сәйкес болғандығы абзал", - дейді А.Сидоров. ҚАБҚ-ның мәліметінше, Қазақстан Мұнай және газ министрлігі жақында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясына "Еуро-5" экостандартына сәйкес келетін жанармай шығарумен айналысатын үш отандық мұнай өңдеуші зауытты жаңғырту бойынша өз ұсыныстарын әзірлеу жөнінде тапсырма берген. ҚАБҚ өкілдері бұл шешімді қолдайтындықтарын білдіруде."Астана-Моторс" компаниясының техникалық директоры Андрей Белоусов сапасыз бензинді пайдалану нәтижесінде бұзылатын кепілдендірілген көліктерді жөндеу орасан шығын әкелетіндігін айтады. "Үкіметтің көтеріп отырған бұл мәселесін біз қолдаймыз, өйткені ол жанар-жағармайдың сапасын көтеріп қана қоймай, экологиямыздың да тазаруына септігін тигізеді", - дейді Андрей Белоусов.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии