KZ
Саммит күндері қала сыртына шығуды жоспарлауда

Саммит күндері қала сыртына шығуды жоспарлауда

Расcказать Вконтакте

Астана әкімдігінің ресми сайтында жүргізілген сауалнаманың қортындысы бойынша, елорда тұрғындарының көпшілігі Саммит күндері, 1-2 желтоқсанда қала сыртына шығуды жоспарлап отыр.

Сауалнамаға қатысқандардың 25 пайызы, қаладан тысқары жерлерге шығуды жоспарлап отырғандарын айтса, 23 пайызы демалысты балаларымен өткізетінін, тағы 15 пайызы үй шаруасымен шұғылданатындығын жеткізген. Респонденттердің 12 пайызы бұл күндері киноға немесе сауда-демалыс орталықтарына бармақ.

Және Саммит күндері демалыс жарияланғанына қарамастан, елордалықтардың тағы 11 пайызы жұмыстарында болады.

Астаналықтардың тағы 7 пайызы ЕҚЫҰ саммитін ұйымдастыруға және өткізуге атсалысса, 1 пайызы демалысқа шықпақ.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Астана саммитіне 38 елдің мемлекет және үкімет басшылары, бір вице-президент, жеті үкімет төрағаларының орынбасары, 14 министр және басқа да жоғары лауазымды шенеуніктер қатысады.

Астанаға сондай-ақ үш сыртқы істер вице-министрі - Марокко, Тунис және Жапония елдерінің вице-министрлері келеді. 38 халықаралық және аймақтық ұйымның басшылары мен өкілдері саммитке қатысу ниеттерін қуаттады. Атап айтқанда, елордамызға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Петрос Эфтимиу, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо келді. Саммитке Ауғанстан Президенті Хамид Карзай да қатысқалы отыр.

Новости Казахстана
Mailfire view pixel