Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі отандық актриса әкімнің орынбасарына тұрмысқа шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал актриса әрі тележүргізуші Нұрбигүл Егізова Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевқа тұрмысқа шықты. 31 жасында азаматының етегінен ұстаған тележүргізушінің ұзату тойы Орал төрінде дүркіреп өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің өнердегі әпкелері мен достары қуанышты жаңалықты елге жар сала хабарлады. Әріптестері Оралға арнайы барып, бірнеше жыл істес болған Нұрбигүлді құтты жеріне ұзатып салды.

Ұзату тойға журналистер, Айнұр Тұрсынбаева, Қарагөз Сүлейменова, Мейіржан Әлібекұлы және т.б. тұлғалар келген. Сонымен бірге құрметті қонақтар қатарында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те болды.

31 жасқа келіп тұрмысқа шығып жатқан Нұрбигүл ұзату тойында қарапайым әрі жарасымды образбен көрінді. Алқызыл көйлек, сыртынан қазақы нақыштағы қызыл қамзол киген ол басына да көйлегі түстес тәж киген.

Желі қолданушылары танымал тележүргізушінің өміріндегі бұл өзгеріске қуанып, оған ақ тілектерін жаудырды.

Тағы оқыңыздар: 

Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Талғар тұрғыны 13 жасар қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

Шымкентте мұнай ұрлап қашып кеткен ірі шенеунікке іздеу жарияланды (фото)

Халықтан ұят: Сапарбаев жұртпен қоса өзін де алдаған аудан басшысына шүйлікті

500 теңгедегі шағалаға ұқсап қалған көгершіннің бейнесін желіде күлкіге айналдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1686891-otandyq-tanymal-telezhurgizushi-31-zhasyn/

pixel