Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық арулар құны бес млн теңгелік құндыз ішіктер мен тон киетін болып шықты (фото)

Опубликовано:

Арқада күн суытып, қытымыр қыс жақындағалы бері, сыртқы киімдерге деген сұраныс арта түскен. Елордалықтар, əсіресе, жылы ішіктер мен бағалы аң терісінен жасалған бас киімдерді сатып алуды жөн санайды. Түрлі аң терілерінен жасалған сыртқы киімдердің биылғы бағасы қандай? NUR.KZ тілшісі бас шаһардың сауда орталықтарына барып, тон-ішіктердің биылғы "жай-жапсарын" бағамдап қайтты.

Елорданың қақ ортасында орналасқан "Хан Шатыр" сауда орталығында бүгін əдеттегімен салыстырғанда "тіршілік" саябырсыған секілді. Сауда дүкендерінің иелері мұны "жұмыс күні болғандықтан, дүкенге келушілер де аз болады" деп пайымдады.

"Ханшатыр" орталығындағы "Mondial" сауда дүкенінде де адам қарасы аз. Есесіне, көздің жауын алатын түрлі ішіктер мен тондардардан көз сүрінеді.

"Бүгін апта ортасы болғандықтан, тауарларды сату орындарына біртіндеп іліп, жайғастырып жатырмыз. Көргендеріңіздей биылғы трэндте түрлі-түсті ішіктер болып тұр. Əсіресе, жас буынның бұл ішіктерге деген сұранысы көп.

Бағаларына келер болсақ əр түрлі, бірақ былтырғымен салыстырғанда, 10-15%-ға қымбаттады деп айтсақ болады. Ең қымбаты ішіктер 3-5 миллион аралығын құрайды. Мəселен, мына ішік - 3 миллион 245 мың тұрады. Негізі, бəрі халықтың талғамына байланысты, бастысы адамдарға жарасса болғаны", - дейді сауда дүкенінің өкілдері.

Дүкендегі биылғы жылдың жаңа ішік үлгілеріне қарап таңдай қағасыз. Мұнда ішіктердің ұзыны мен қысқасы, түрлі түстісі, тіпті, жеңі жоқ жилеттер де толып тұр. Бағалары да əркелкі: 420 мың, 895 мың, 1 миллион 150 мың, 1 миллион 345 мың т.т.

Астаналықтардың, сондай-ақ, Грекия, Түркия, Қытай, Ресей ішіктеріне деген сұранысы көп көрінеді. Сауда дүкенінде бағалы ішіктермен бірге тондарға да сұраныс артып келеді. Əсіресе, мұндай тондарды ер адамдар көптеп сатып алатын көрінеді.

 

"Қазір, тондарға деген сұраныс та арта түсті. Бұрынғыдай, түрлі-түсті тондар сатылымға шыға бастады. Мысалы, ерлерге арналған тонның бағасы 470 мың теңгені құрайды. Бұларды əсіресе егде жастағы ерлер сатып алып жатады", - дейді сауда орнының қызметкерлері.

Арқаның ақшұнақ аязында жылы киінетін астаналықтар биылғы жылы да қалпақтарды жаппай сатып алып жатқан көрінеді. Дүкендегі бас киімдердің бүгінгі бағасы 20-100 мың аралығын құрайды.

"Елордада қыста бас киімсіз жүру мүмкін емес. Қалпақтарды да əркім өз талғамына қарай таңдайды. Негізі айтарымыз, үкіметтің бағалы аң терілерінен əзірленген бұйымдарды чиптеу жүйесін енгізуі - өте оңтайлы шешім болды. Себебі, контрабандалық жолмен сырттан тауар əкелушілер саны азая түсті.

Ал мұндағы əр тауар сертификатталған, тиісінше, сапасы да жоғары. Десе де, ел бюджетіне кіргізіп отырғазған табысымыз да аз емес - мəселен, былтырғы жылы үкіметке 62 миллион салық төледік" ,- дейді сауда дүкенінің маманы.

Тағы оқыңыздар: 

Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Бишімбаевтың хан сарайындай зәулім үйі елді таңғалдырды (фото)

Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

500 теңгедегі шағалаға ұқсап қалған көгершіннің бейнесін желіде күлкіге айналдырды

Қарағанды облысының әкімі ең ірі ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімін бере алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1686774-astanalyq-arular-quny-bes-mln-tenhgeli/

pixel