Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала кезіндегі фотодан өмірлік махаббатын тапқан азаматтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Қырым тұрғыны Евгений Орлов 25 жыл бұрын түсірілген фотодағы бойжеткенді іздеп тауып, оны өмірлік жары етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы азамат бала кезінде көрші қыз Ира Скрябинамен жиі ойнаған екен. Алайда ол кезде тым кішкентай болған Евгений бұл жайтты ұмытып үлгерген.

Кейін Евгений отбасымен өзге жерге көшіп кетіп, Ирамен достығынан естелікке тек фотолар қалады. Ал 2014 жылы Ресей мен Қырым біріккеннен кейін Евгенийдің анасы ұлынан көршілерін тауып беруді өтінген.

"Ол кезде мен анама көмектескім келді, алайда "енемнің" желідегі парақшасына соңғы жылдары ешкім кірмеген екен. Кейін мен оның қызының парақшасына жаздым", - дейді Евгений.

Жас жігіт балалық шағындағы фотоларда жүрген көрші қыз Иринамен желі арқылы жақын араласа бастайды. Ал 14 ақпан күні Евгений Иринаға ұсыныс жасаған.

Қос ғашық некесін қидырып, бүгінде ата-ана атану бақытын тағатсыздана күтіп жүр.

Тағы оқыңыздар: 

Мексикада Головкиннің жүрегін елжіреткен кімдер?

"Қырым - Украинаға тиесілі" деген Собчактың басы бәлеге қалды

Бояусыз суретке түскен ерекше сұлу қырғыз қызы жұртқа жақпай қалды

Ресейлік миллиардер бір күнде тақырға отырып, 117 млн доллардан айырылды

Алматыда кондуктор жолаушыны жүріп бара жатқан автобустан итеріп жіберді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1686229-bala-kezindegi-fotodan-omirlik-makhab/

pixel