1683822 «Достық» үйінде «Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан» тақырыбында жиын өтті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Қызылорда облысының әкімі Көшербаев аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

20 қараша күні облыс орталығындағы «Достық» үйінде «Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан» тақырыбында жиын өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Қызылорда облысының әкімі Көшербаев аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Жиынды «Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының төрайымы А.Сунгур жүргізді. Кездесуде облыс әкімі алғы сөз сөйлеп, аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Біз мұнай саласында ғана оңды жағдайды еңсере алмай отырмыз. Бұл – өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша объективті салдары бар жағымсыз жалғыз көрсеткіш. Дегенмен, аймақта басқа да атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Экономиканы әртараптандыру жұмыстары өз нәтижесін беруде. Мәселен, өңдеу өнеркәсібі бойынша алдыңғы қатарлы өңірлердің қатарындамыз. Қызылордада құрылыс жұмыстарының қарқын алғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы саласында да оң нәтиже байқалып отыр. Биыл 500 мың тоннадан астам Сыр маржаны жиналды. Білім саласында да ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар.

Қызылорда облысының әкімі Көшербаев аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Мектеп бітірген түлектердің 97 пайызы жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түскен. Бүгінде Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында біздің 452 түлегіміз сол елдің грант негізінде білім алуда. Қазір Сырдарияның сол жағалауында құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Онда бұрынғы Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының нұсқасы бойынша облыстық музей салынуда. Оның бір жағы мұражай да, екінші жағы Рухани жаңғыру орталығы болатынын айтқан облыс басшысы бұл жетістіктерге үкіметтік емес ұйымдардың да қосқан үлесі бар екенін атап өтті.

Шарада бірқатар азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаты берілді. Жиын барысында «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Баймаханова экологиялық бағыттағы жұмыстарға тоқталса, «Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы Байқоңыр қаласындағы филиалының жетекшісі Б.Қалиянова жұлдызды қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын баяндады. Сондай-ақ, «Ұмай» емдеу-тәрбиелеу балалар қайырымдылық үйінің директоры, БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қорының аймақтағы бағдарламалар үйлестірушісі, А.Ізден қоғамдық сананы жаңғырту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды әңгіме арқауына айналдырды. Ал, «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының төрағасы Ғ.Тұяқбаев рухани жаңғыру және латын қарпіне көшу мәселелерін сөз етті.

Қызылорда облысының әкімі Көшербаев аймақтағы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

«Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі «Нобель» медалінің иегері, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының жетекшісі Н.Аппазов ғылыми жұмыстар туралы ойларымен бөлісті. Кездесуде басқа да үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері өз ойларын ортаға салды. Белсенді азаматтық қоғам өңірдегі көптеген мәселелерді бірлесіп шешуде сенімді әріптестік құра алады. Бұл кездесуден ортақ мақсатта атқарылған жұмыстың нәтижесі болатыны айқын аңғарылды.

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .