1683399 Жұлдыз: Біздің елде екінші әйел болуды қабылдамайды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Атышулы Жұлдыз Өмірғали алғаш рет екінші әйел алуға қатысты сұраққа жауап берді

Жұлдыз Өмірғали әнші Айқынға ұзатылып жатқан видеосы пайда болғалы бері ел алдына шығып, сұхбат бермеген еді. Көпшіліктің сынынан көз ашпайтын әнші алғаш рет өзін сынағандарға жауап беріп, екі әйел алуға қатысты сұраққа жауап берді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Атышулы Жұлдыз Өмірғали алғаш рет екінші әйел алуға қатысты сұраққа жауап берді

Жұлдыз Өмірғали. Фото: Интернет желісінен

"Екі әйелді алады ма, алып үлгермей ме ол жағын білмеймін.  Екі әйел алуға келгенде  біз араб елі емеспіз. Мұсылман елі болсақ та, біздің елде екінші әйел болу қабылдамайды. Instagram желісінде елдің бәрі анық - қанығын білмей жаман пікірлер жазады, мен оған үйреніп те қалдым. Бірақ бір ашуыма тиген уақытта ол адамдарға жауап қайтарамын. Бәріміз пендеміз, ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. "Мен мынандай болмаймын, менің басымнан мынау өтпейді" деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өміріңде қандай бұрылыс болатынын сен өзің білмей қаласың. Жағымсыз пікірлерді жүрекке қабылдағым келмейді.",- деді Жұлдыз.

Сондай-ақ ол "Кешью" тобынан кеткеннен кейін өзін - өзі жоғалтып алғанын айтты.

"Алматыда бар - бар болып жүрміз. Біраз уақыт демалыс алдым. Топта жұмыс істеген кезде бәрі өз уақытымен болатын, дайын нәрсеге үйреніп қалыппын. Жеке шыққан соң сасқалақтап қалдым. Мейлі ол әнге қатысты болсын, бейнебаян болсын. Қазір өзімді жинақтап, қандай ән, қандай бейнебаян түсіремін деп ойлап жүрмін.

Еске салсақ, Жұлдыз Өмірғали "Кешью" тобының бұрынғы әншісі. Бұған дейін әнші Айқын Төлепбергенге екінші әйел болып, бір ұлдың анасы атанды деген ақпарат тараған.

Тағы оқыңыздар:

"Қызылорда аруы - 2017" атағын 16 жастағы бойжеткен жеңіп алды (фото)

Қайрат Нұртастың жары алғаш рет сахнаға ән айтып шығып, елді таңғалдырды (видео)

Дәрігерлер Оралда газ жарылысынан зардап шеккен келіншектің өмірі үшін күресуде

Үндістанда әйгілі актрисаның басын әкеп берген адамға 1,5 миллион доллар сыйақы бермек

Калифорния жағалауына елес кеме келіп тоқтады (фото, видео)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 15

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .