KZ

Әлеуметтік сала нысандары қысқа ойдағыдай әзірленді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

БҚО-ның Бөкей ордасы ауданындағы әлеуметтік сала нысандары қысқа ойдағыдай әзірленді.

Аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігері Әділгерей Ғаббастың айтуынша, денсаулық сақтау саласында бір аудандық аурухана, 6 учаскелік аурухана, 15 медпункт жұмыс жасайды.

Осының ішінде аудандық аурухана мен Мұратсай ауылындағы учаскелік амбулатория табиғи газбен, қалғандары сұйық отынмен, электр қуатымен және көмірмен жылытылады. Осыған орай 280 тонна көмір жеткізілген.

Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Әлібек Айтқалиевтің сөзіне қарағанда, биыл білім нысандарын жай жөндеу жұмысына 12,777 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді.

Іргесі 1965 жылы қаланған аудандық музыка мектебін күрделі жөндеуге 5 миллионға жуық теңге жұмсалса, Хан ордасындағы аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы 12 млн. теңгеге ретке келтірілуде.

Жалпы, білім саласы бойынша 2010-2011 жылғы жылыту маусымына қажетті отын сатып алу үшін 42,25 млн. теңге жұмсалып, соның нәтижесінде барлық нысандар қатты және сұйық отынмен қамтылды. Бірнеше нысан газға қосылған.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Біржан Меңешевтің мәліметіне сәйкес Бөкей ордасында жұмыс жасайтын 13 мәдени кешен бар. Биыл Мұратсай, Бөрлі ауылдық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл салада да барлық нысандар отынмен қамтамасыз етілген.

Новости Казахстана
Әлеуметтік сала нысандары қысқа ойдағыдай әзірленді
Mailfire view pixel