1682941 Әнші хитке айналған "Сен қорқақсың" әнін кімнен ұрлаған? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Нұрболат Абдуллин елден жасырып жүрген құпиясын ашты (видео)

Биылғы жылдың хитмен әншілерінің қатарына қосылған Нұрболат Абдуллин елден жасырып жүрген құпиясының бетін ашты. 31 арнаға сұхбат берген әнші танымал болған "Сен қорқақсың" әнінің түрік бауырлардан алынғандығын айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

Нұрболат Абдуллин елден жасырып жүрген құпиясын ашты (видео)

Нұрболат Абдуллин. Фото: Интернет желісінен

"2003 жылдары түрік елінде хит болып кеткен, одан бертін келе 2009 -2010 жылдары өзбек елінде хит болған. Орындаушысы ТМД-ға белгілі әнші Сердар Орташ. Жігер Ауыпбаев деген әнші екеуміз кездесіп қалдық. Әңгіме айтып отырып, маған жалпы "Еуро- шығыс" стиліне бір бүйрегім бұрып тұратынын айттым. Өзінің жанашырлығы шығар, осы әнді өзі айтпай, маған ұсынды. Жігер бауырыма рақмет, шын ниетімен берген сияқты. Кейіннен әннің сөзін бір айдай жаздық. Ершат Қайболдин деген ақын жігіт жазды. Кейін клип түсірдік. "Сен қорқақсың" деген тақырыппен әнді  шығаруға ұялдым, себебі қызға жігіттің айтып тұрған біртүрлі сияқты. Кейін нар тәуекел, сынап жатса тағы көрерміз",- деп шығардық дейді әнші.

Алайда әуені еш өзгеріссіз қалғанымен, сөзі өзгертілген әнді Нұрболат Абдуллин орындаушысынан рұқсатсыз алған.

"Сердар Орташқа шығу үшін біраз әрекет жасадық, бірақ еш ыңғайы келмеді. Келіп хабарласатын болса, шешілмейтін түйін жоқ қой. Жақсы көргеннен кейін орындадық, бақытымызға орай танымал болып кетті. Айыппұлы болса оны да берерміз",- деді әнші.

Еске салсақ, Нұрболат Абдуллин "Сен қорқақсың" әнінің бейнебаянын биылғы жылдың сәуір айында көпшілікке ұсынған болатын.

Тағы оқыңыздар:

"Қызылорда аруы - 2017" атағын 16 жастағы бойжеткен жеңіп алды (фото)

Қайрат Нұртастың жары алғаш рет сахнаға ән айтып шығып, елді таңғалдырды (видео)

Дәрігерлер Оралда газ жарылысынан зардап шеккен келіншектің өмірі үшін күресуде

Үндістанда әйгілі актрисаның басын әкеп берген адамға 1,5 миллион доллар сыйақы бермек

Калифорния жағалауына елес кеме келіп тоқтады (фото, видео)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 13

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .