1681653 Майра Ілиясова: Халық іздемей қала ма деп қорқасың ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Қазақстандық жұлдыздар халықтың көңілінен шықпай қалудан қорқатындарын айтты

Халық алдында жүрген танымал жандардың да өздеріне ғана мәлім ішкі үрейі, өзіндік қорқыныш болады. Мәселен, ауыр жол апатына түсіп, бір өлімнен аман қалған Ернар Айдардың басты қорқынышы жақын адамдарынан айырылып қалу деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Қазақстандық жұлдыздар халықтың көңілінен шықпай қалудан қорқатындарын айтты

Отандық әншілер неден қорқады? Коллаж: NUR.KZ

Ернар Айдар, әнші:

— Қанша дегенмен пендесің ғой. Басымнан өткен екі жағдайдан кейін, ата анамыз, ағайын туыс, әріптестер сынды жақын адамдардан айырылып қалудан қорқасың.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

— Әніміз халықтың көңілінен шықпай қала ма деп қорқамыз.

Әншілердің тағы бір үлкен үрейі дауыстарынан айырылып қалу.

Майра Ілиясова, ҚР Еңбек сіңірген әтісі:

— Ең бірінші халық іздемей қала ма деген қорқыныш. Өзім сүрелерді оқып отырған кезде Алла тағаладан сұраймын: Менің дауысымды қарлықтыра көрме, өзің берген дауысыңа қаяу түсіре көрме деп.

Ал Меруерт Түсіпбаева қазақ әнінің тарихында қалатынына сенімді.  Себебі, қазақ эстрадасында ең алғаш болып бейнебаян түсірген өзіммін дейді ол.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

— Өнерде ізсіз қалудан қорықпаймын. Маған бұл қорқыныш тудырмайды, ешқашан тудырған да емес.

Ал, «Қорқыт Қобыз» деген әнімен танылған Гүлнұр Оразымбетова сол бір әні арқылы тарихта қалатынына барынша сенеді.

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

— Танымал болғаннан кейін  20-30 жылдан кейін эстрададан мүлдем жоғалып кетсең де, бәрібір қазақтың өнер архивында қаласың. Мен орындаған "Қорқыт Қобыз" әні қазақтың тарихында қалған ән. А кейін соның оырндаушысы кім еді, орындаушысы кім, жарыққа шығарайық деп іздесе, ол әнді ешқандай қиындықсыз менің орындауымда тауып ала алады.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстандық клубтың экс-футболшысы ойын үстінде көз жұмды

Астана тұрғындарын «суық» деген Айқын Төлепберген халықтың ашуына тиді

Павлодарда қомақты пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунік қамауға алынды

Жанар Айжанова: Баламыздың қайда, кіммен, қандай адамдармен жүргенін білмейміз

"Барлығы теріс айналды": Алматы облысында батыр ана жетінші сәбиін моншада босанды (фото)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 21

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .