1681568 Ал, әншінің тыңдармандары Айқынға шаң жуытпай, өнер иесінің бұл сөзін «қалжыңға» балап жатты. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Астана тұрғындарын «суық» деген Айқын Төлепберген көпшілікке жақпай қалды

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде ән салған Айқын Төлепберген елордалықтарды «суық халық» дегені үшін сынның астында қалды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Астана тұрғындарын «суық» деген Айқын Төлепберген көпшілікке жақпай қалды

Айқын Төлепберген. Фото: instagram

Астана төрінде ән шырқаған белгілі әнші бас шаһар халқын «суық» деп атап, астаналықтардың ашуын келтірді. Тұрғындар әншінің бұл сөзін "халықты бөліп-жарғанмен тең" деп сынап жатты.

«Сахнаға шыққан сәтте мұндай артық сөз айтудың қажеті жоқ деп санаймын. Бәлкім, өзі алматылық болған соң, осылай айтқан шығар, кім білсін? Өзім Ақмола облысының тумасымын, шыны керек, әлгіндей сөз ауыр тиеді екен. Өнер адамдары халықты бөліп-жарғанша, керісінше, елді бірлікке шақыруы тиіс деген ойдамын», - дейді астаналық Қайрат Беркімбаев.

Ал, әншінің тыңдармандары Айқынға шаң жуытпай, өнер иесінің бұл сөзін «қалжыңға» балап жатты.

«Мұндай сөзде тұрған ештеңе жоқ. Өнер адамы болған соң, жай қалжыңдап айтқан болар. Жалпы, біз Айқынның орындауындағы әндердің сүйіп тыңдаймыз, сондықтан ондай «әрекеттеріне»көз жұма қарауға тырысамыз», - дейді елордалық бойжеткендер.

Айта кетейік, кеше Астанада сауда орталықтарының бірінде «Sulpak» сауда орнының ашылуына орай мерекелік шара өткен еді. Шараға Айқын Төлепбергеннен бөлек Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздары да қатысты.

Тағы оқыңыздар:

БҚО-да газ жарылып аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалды (фото, видео)

Атырауда сәбиі шетінеп кеткен 40 жастағы әйел жансақтау бөліміне түсті

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп басы дауға қалды

35 жастағы ер адам жыныстық қатынастан бас тартқан әйелін буындырып өлтірді

Қарағандыда вагон үстінде селфи жасамақ болған жеткіншектер тоққа түсіп қалды

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 48

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .