1681536 Оңаша жүргенде жеке жұмыстарын ретке келтіре беретінін айтқан Жанар Айжанова аяқасты атыс-шабыстың астында қалыпты. Культура и шоу-бизнес

Жанар Айжанова: Баламыздың қайда, кіммен, қандай адамдармен жүргенін білмейміз

Танымал әнші Жанар Айжанова туған жері Ақтөбеге кезекті сапарларының бірінде қанды қырғын болған атышулы «Паллада» дүкені маңында қалай пәтер жалдап тұрғаны туралы «Тілшіге» берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанар Айжанова: Баламыздың қайда, кіммен, қандай адамдармен жүргенін білмейміз

Жанар айжанова. Фото: instagram

«Алдыңғы жылы әулеттегі үлкендердің жылын берейік деп Ақтөбеге келгенімізде сол атыс-шабыстың үстінен түстік. Туған-туысқан көп қой, бірақ мен өзіммен болайын деп, жұмыстарым бар, сөйлесу керек адамдар болды, бөлек тұрғанды қаладым. Қонақ үйге барып тұра алмаймын. Ол жерге кіріп-шығу ыңғайсыз. Содан бір пәтер жалдап тұрдым», — деп бастады әңгімесін әнші.

Оңаша жүргенде жеке жұмыстарын ретке келтіре беретінін айтқан Жанар Айжанова аяқасты атыс-шабыстың астында қалыпты. Дәл сол күндері қару-жарақ сататын дүкенде атыс болып, бірнеше жазықсыз жандар оққа ұшқан болатын.

«Киімдерім, заттарым, сөмкем, барлығы пәтерде қалып қойды. Қайтып келсем, айнала қоршау, полиция қаптап кеткен. Үйге кіре алмай, көйлектерімді ала алмай, киімдерімді ауыстыра алмаған кездерім болды», — деп еске алады ол Ақтөбедегі былтырғы лаңкестік әрекетті.

Төртінші күн дегенде пәтерге кіріп, заттарын алған әнші осы күндер аралығында қатты уайымға салыныпты. Жеке заттары үшін емес, жалпы, қоғам үшін, оққа ұшқан адамдар үшін, жат ағым жетегінде кеткен жастар үшін жүрегі ауырған.

«Әрине, халықтың ортасында жүрген соң көп жайттан хабардар боласың. Ағайын-туыстың әңгімесін тыңдап, жүрегің ауырады. Ықпал етуші күштер басым. Діни сауат болмаған соң, теріс ағым жетегінде кетіп жатқандар аз емес. Алдауда кеткен ақкөңіл жандарды аяймын. Біздің азаматтарымыздың, балаларымыздың өліп жатқанына жаным ашыды», — дейді Жанар Айжанова.

Осы ретте әнші ата-аналарға сақ болу керектігін айтады.

"Баланың түзде кіммен жүргенін қарамаймыз ғой. Біздің трагедиямыз - баламыздың кіммен жүргенін, қайда, қандай адамдармен отырғанын, әлеуметтік желілерде не істеп жүргенін білмейміз. Ақтөбедегі жағдайдан кейін біраз ата-ана етек-жеңдерін жиған секілді. Қан төгілген соң, әркім өз отбасына ие болады бастады", — дейді Айжанова.

Әнші өзінің де, қызының да намаз оқитынын айтып қалды.

«Ылғи жол үстінде жүреміз, құдайдан қорқамыз. Неше түрлі жол апаты болып жатады. Қорқасың. Құдайды ойлап отырасың. Елдің амандығын тілейміз. Солай ғана шын жүректен тілеп отыру керек сияқты. Әжеміз солай айтып отыратын. Берекет бер деп. Отбасы амандығын тілейміз. Жастарға өмір бер деп үлкендер айтып отыратын. Содан артық не тілек керек?!, — деп түйіндеді сөзін әнші.

Тағы оқыңыздар:

БҚО-да газ жарылып аяғы ауыр әйел оңбай күйіп қалды (фото, видео)

Атырауда сәбиі шетінеп кеткен 40 жастағы әйел жансақтау бөліміне түсті

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігерді жамандаймын деп басы дауға қалды

35 жастағы ер адам жыныстық қатынастан бас тартқан әйелін буындырып өлтірді

Қарағандыда вагон үстінде селфи жасамақ болған жеткіншектер тоққа түсіп қалды

Источник: tilshi.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 17

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .