1681102 Ілияс Сапарбекұлы өзіне қатысты шулы видеоның кеңінен тарап кеткеніне қынжылыс танытады, әрі өз ойын көпшілікке әлі жеткізе алмай жүрген сыңайлы. Политика

"Адам болған соң, кейде ренжисің": Ақтөбе әкімі өзін сынай беретіндерге өкпесін жеткізді

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов БАҚ-тағы өзіне қатысты сынды қалай қабылдайтыны жайлы «Тілшіге» айтып берді. Қолынан ұялы телефонын тастамайтын қала басшысы шамасы келгенше ақпарат құралдарын қадағалап отыратынын жасырмайды.

"Адам болған соң, кейде ренжисің": Ақтөбе әкімі өзін сынай беретіндерге өкпесін жеткізді

Ілияс Испанов. Фото: tilshi.kz

Әлеуметтік желіде өзі отыратынын айтқан ол газет-журнал тігіндісін үйіне алып кетіп оқитынын айтады.

«Газеттердің тігіндісін немесе маңызды материалдың көшірмесін үйге алып кетіп оқимын. Өзге облыстардың тәжірибесін көп қараймын. Әріптестерім не істеп жатыр екен деп қарап қоямын», — дейді ол.

Ілияс Испанов өзі туралы сыни материалдарды жақтыра бермейтінін жасырмады.

«Адам болған соң, кейде ренжисің. Жұмыс бабымен болса, нәтиже шығару керек. Бұрыс болса, дұрыстау керек. Бірақ, ешбір редакцияға хабарласып, ана мәтінді алып таста, мына жерін дұрыстап жібер деп айтып көрмедім. Мен редакторына қалай хабарласамын?! Ауыстыршы деп айта алмаймын ғой», — дейді қала басшысы.

Ілияс Сапарбекұлы өзіне қатысты шулы видеоның кеңінен тарап кеткеніне қынжылыс танытады, әрі өз ойын көпшілікке әлі жеткізе алмай жүрген сыңайлы.

«Менің жұмысым оңай емес. Күні-түні шапқылап жүгіреміз. Таң атпай рейдке шығамын. Өйткені, күндіз басқа жұмыстар жетіп артылады. Бірде тоңып келесің, бірде жаңбырдың астында қаласың. Өзіңіз ойлаңызшы, салқын жерден жылы жерге келгенде адамды ұйқысы қысады.

Сондай кезде видеоға түсіріп алған болу керек. Артымда екі-үш адам ұйықтап отырады. Неге тек мені түсіреді? Қалғып кеткен болармын. Оны апарып, ұйықтап қалды деп шулатудың қажеті не? Әрине, сондай кезде ренжимін», — деді әкім.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда алапат өрт болып, оннан астам көлік жанып кетті

Әлемдік турнеге аттанған Димаш Құдайберген Голливудты бағындырды

Бірнеше көлік соқтығысқан жерде селфи жасаған журналист жұмыстан қуылды

Үйде ит ұстайтын адамдардың басқаларға қарағанда ұзақ өмір сүретіні анықталды

Жаппай тексеріс жүргізген Бас прокуратура қызметкерлер қатарын "тазалап" шықты

 

Источник: tilshi.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 32

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .