1680973 Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады. Общество

Шымкентте күйеуі аяусыз пышақтап кеткен келіншек бар шындықты жайып салды (фото)

Шымкентте сақалды күйеуі пышақтаған келіншек өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді. Бар шындықты жайып салған азаматша жұбайының ойламаған жерден пышақтап кеткенін айтады.

Шымкентте күйеуі аяусыз пышақтап кеткен келіншек бар шындықты жайып салды (фото)

Умида Нарметова. Фото: nur.kz

Сұмдық оқиғадан бір күн бұрын Умидаға күйеуі қоқан-лоққы көрсетіп, өлтіретінін ескерткен. Алайда, жәбірленуші келіншек жұбайы сорақы іс-әрекетке барады деп мүлдем ойламапты. Әдеттегі күнкөрістің қамымен жұмысқа бармақшы болған сәтінде күйеуі ойламаған жерден пышақ сұғып, көшенің қақ ортасында қансыратып тастап кеткен.

" Екі балам үшін Аллаһ тағалам тірі қалдырған шығар деп ойлаймын. О дүниеге барып келгендей болдым. Оқиға жексенбі сағат жеті шамасында болды. Жұмысқа бара жеткен кезім. Бір күн бұрын күйеуім "сені және анаңды өлтіріп кетем" деген еді. Бұл сөзге мән бермедім.

Туған анамның жүрегі сезген болар, хабарласып "абайлап жүр" деді. Таң азаннан алдымнан шыққан күйеуімді пышақтайды деп ойлаған жоқпын. Пышақты тықты да кетті. Өлейін деп жатқан кезімде тілімді кәлимаға келтірдім. Әлхамдулләх мұсылманмын деп айта аламын", - дейді Умида Нарметова.

Умида күйеуінің "әйелім христиан дініне кіріп кетті" деген сөзі жалған екенін алға тартты. Ал, өзі жұбайының іс-әрекеттерінен жат дінге кіріп кеткенін байқағандай болған. Бірақ, нақты айта алмайды. Қылмысқа барған әрекетінен кейін күйеуінің мұсылман екендігіне күмәні барын жасырмады.

Умида мен Файзулла он жыл бұрын отасқан. Ерлі-зайыптылардың ұлы мен қызы бар. Алғашқыда бақытты күндері көп болған отбасының уақыт өте келе тыныштығы бұзылып, отағасы жарына жиі қол көтеруді шығарады. Сондықтан, екеуі ажырасып кеткен.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкентте сақалды жігіт өзге дінге кіріп кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастағаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Күдікті өзі түсірген бейнежазбада келіншегінің жат ағымға кіріп кеткенін мәлімдеген.

Алайда, келіншектің жақындары бұл ақпаратты теріске шығарып, керісінше әйелін аямаған азаматтың өзі өзге ағымның жетегінде екенін алға тартуда.

Ерлі-зайыптылар алты ай бұрын ажырасқанмен, ер азамат келіншегіне күн бермей, қорлық көрсетіп келген. Таңертең жұмысқа бармақшы болған әйелін аңдыған жігіт оны жолдың қақ ортасында пышақтап кетіпті.

Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағаны үшін барғанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Сауд Арабиясының королі тақтан кететін болды

Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ

Өзбекстандық азамат әйелін бауыздап өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

Ақтөбеде аудан басшысы тек әкімнен ғана көмек сұрайтындарға реніш білдірді

Үйінде ит ұстайтын адамдардың басқаларға қарағанда ұзақ өмір сүретіні дәлелденді

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 40

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .