KZ
Ұлттық банк төрағасы  қаржы саласындағы ағымдағы жағдайы туралы баяндады
Новости Финансы

Ұлттық банк төрағасы қаржы саласындағы ағымдағы жағдайы туралы баяндады

Расказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Г.Марченко Президентке елдің қаржы саласындағы, атап айтқанда, валюталық рыноктың ағымдағы жағдайы туралы баяндады. - Жылдың басынан бері алмастыру бағамы өте тұрақты болды, сондықтан біз соңғы бірнеше айда ешқандай интервенция жасаған жоқпыз.

Ұлттық Банкінің алтын валюталық қорының активтері өсті, Ұлттық қордың валюталық активтері қазіргі уақытта 30 миллиард доллардан асады, - деді Ұлттық Банкі Төрағасы.

Сондай-ақ кездесу барысында Г.Марченко Мемлекет басшысына банкнот фабрикасында жаңа жоғары технологиялық өндіріс - бағалы қағаздар цехы іске қосылатынын мәлімдеді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии