1678447 Есентаеваның тұңғышы жан сырымен бөлісті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбек: Өткен жылы болған оқиға менің өмірімнің ойранын шығарды

Баян Есентаеваның тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек желідегі парақшасындағы оқырмандарының ең жиі қоятын сұрақтарына жауап беріп, жан сырымен бөлісті. Ол өткен жылы отбасында орын алған  жағдайдың өзін қатты құлдыратып жібергенін айтты.

Айсәуле Бақытбек: Өткен жылы болған оқиға менің өмірімнің ойранын шығарды

Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram

"Ескі жазбаларымның астына қойылған сұрақтарыңызға жауап беруді жалғастырамын. Менің өмірімдегі ең қиын кезең өткен жылдың жазында болды. Отбасымдағы жағдайдан бөлек, жеке өмірім, достарыммен қарым-қатынасым, жалпы өзімді сезінуім құлдырап кетті. Болған жағдайды ұмытуға тырысамын деп өзімді жоғалтып алдым. 

Ұзақ уақыт қайта қалпыма келдім, бірақ ол соған лайықты болды. Қанша дегенмен тәжірбие - өзіңді және жалпы бақытты табудағы басты нәрсенің бірі", - деп ағынан жарылды ол.

Айсәуле өзі үшін адам бойында бастысы қарапайымдылықтың болуы шарт екенін де жазды.

"Мен үшін адамның басты қасиеті - қарапайымдылық пен әзіл түсінуі. Меніңше, терең ойлы адам ақымақ болмайды, ал қарапайым жан пайдакүнемдіктен қашық. Адамға қарап, оның арам ойы жоқ екенін түсініп тұрған сәттерді жақсы көремін", - деді Айсәуле.

Сондай-ақ продюсердің қызы өзін өркөкірек дейтіндерге де жауап берді.

"Мені сыртымнан көрген жандар өркөкірексің деп жазып жатады. Оны жоққа шығармаймын, сырттай солай көрінуі мүмкін, тіпті одан да жаман. Бірақ мұның бәрі менің жылы шырайлы емес, табиғатымнан суық адам екенімнен.  Жақындарымның өзін құшақтап, сүйгенді ұната бермеймін, сол себепті жаңа адамдармен танысу менің әдетімнен емес. Дегенмен бейтаныс адам келіп, сөйлесетін болса өзімді құбыжық сияқты ұстамаймын",- деп жазды ол.

Бүгінде шетелде білім алып жатқан Айсәуле Бақытбек әйеліне "отбасы немесе мансапты таңда"  деп талап қоятын ерлерді ақымаққа теңеді.

"Отбасы немесе мансап? Менің ойымша, сүйікті адамың саған тыйым салмауы тиіс, оның үстіне әйелді өзін-өзі дамыту бақытынан айыруға. Қарым-қатынас - жұптық би секілді. Нәтижесінде қалағаныңға жету үшін мен жартыммен бірге жұмыс істеуге дайынмын.

Қызды алтын торға әрбір ақымақ отырғыза алады, ал оны көтермелеп, шабыттандыру нағыз еркектің қолынан ғана келеді",- деп жазған Айсәуле Бақытбек.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша емін-еркін сөйлейтін америкалық қыз көпшілікті сүйсінтті (видео)

Бекболат Тілеухан еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалады

Ақтөбе прокурорлары парамен ұсталып қалған әріптестері туралы тіс жармай отыр

Егіз сәбилерін тоңазытқышқа салып өлтірген ерлі-зайыпты өздеріне қол салмақ болған

Әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі рет шатастырған

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 47

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .