1674401 Танымал әнші Жұлдыздың елден жасырған сырларын жайып салды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл бойы құрбыларына қатаң талап қойып келген

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева Қайрат Нұртастың жұбайымен қалай танысқанын, онымен достығын жылдар бойы қалай жасырғанын, сонымен бірге Жұлдыздың қойған қатаң талаптары қандай болғанын жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.

Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл бойы құрбыларына қатаң талап қойып келген

Фото: Instagram

Жұлдыз бен Салтанаттың таныстығы осыдан 10 жыл бұрын театр қабырғасында бастау алған. Әбдікәрімова тұрмысқа шығып, отбасылық өмірді таңдаса, Бақаева актрисалық мансап жолында кетеді.

Қос құрбының қарым-қатынасы бұған дейін еш үзілмегенімен, бірге түскен суреттерін желіге жүктеуге рұқсат болмаған. Салтанаттың айтуынша, Жұлдыз осы күнге дейін оған қатаң талаптар қойып келген.

Бірге түскен суретін желіге салуға, ол туралы жазуға Жұлдыз мүлдем рұқсат бермей қойған.

"Талап сондай болды. Кейде білмей салып қойып, кейде өшіретін де сәттер болған. Ондай көп болды. Ол кезде мысалы, Жұлдыз өзін афишировать еткісі келмеді", - дейді ол.

Жұлдыздың инста парақшасына бір айдың ішінде 317 мың оқырман жазылған. Салтанаттың сөзінше, бүгінде танымалдығы күн санап артып келе жатқан Әбдікәрімованың, ел алдында емін-еркін жүріп-тұруы қиындаған.

"Жай жүруге де мүмкіндік жоқ. Егер осындай танымалдылық сол кезде болса, ол өзі қарапайым өмір сүре алмай қалатын ба еді деп ойлаймын. Өйткені, қазірдің өзінде онымен бірге жүру, былайша айтқанда сабырсыз халық кәдімгідей көңіл бөледі оған.

Былайша адам ретінде мүлдем өзгерген жоқ. Ол Астанада тұрады. Міндетті түрде кездесуге тырысамыз, өте талантты қыз және оның жұмысын кинодан көрген соң, халықтың оған деген сүйіспеншілігі арта түсті деп өзім ойлаймын", - дейді Салтанат.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-дағы қарапайым қойшы әкімдік креслоға қалай қол жеткізгенін айтты (фото)

Димаш Назарбаевтың немересі және Головкинмен кездесті (фото)

Баланың елесі кезіп жүр: Алматыдағы тылсымға толы ең қорқынышты оқиғалар қандай?

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)

Әйгілі Криштиану Роналду төртінші рет әке атанды (фото)

Источник: Nur.kz
В статье: Кайрат Нуртас

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 57

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .