1673638 Екі ел президенті келеді дегенді естіген тұрғындар бірден әзірлікке кірісті ➨ Читайте больше на NUR.KZ Политика

Петропавлдық шенеуніктер Назарбаев пен Путинді 4 млрд теңгенің ғимаратында күтпек

Алдағы жылы күзде шекаралас елдердің форумын қабылдайтын  петропавлдықтар Ресей президенті мен оған ере келетін өзге де мәртебелі меймандарды 4 миллиардқа жуық теңгенің ғимаратында күтпек деп хабарлайды КТК арнасы.

Петропавлдық шенеуніктер Назарбаев пен Путинді 4 млрд теңгенің ғимаратында күтпек

Назарбаев пен Путин. Фото әлеуметтік желіден алынды

Саяси шара дәл осындай қаржыға тұрғызылатын Оқушылар сарайында өтеді деп жоспарланған. Қазір Қызылжарда бұл маңызды ғимараттың тек іргетасы ғана қаланыпты. Ал форумға негізделген өзге нысандардың құрылысы қызып жатыр.

Бейресми деректерге сүйенсек, шекаралас елдердің форумы Петропавлда былтыр өтуі тиіс еді. Алайда шаһар оған дайын болмай, маңызды шара Елордада өткен болатын.

Осы жолы екі мемлекет басшыларының кездесуін Қызылжарда өткізуге қазынадан бөлінген миллиардтар да, уақыт та жетуі тиіс деп шешіпті шенділер.

Қалада тура бір жылдан соң үш қабатты оқушылар сарайы бой көтеруі тиіс. Форум сол ғимаратта өтеді деп жоспарланған. Тек осы оқушылар сарайына республикалық бюджеттен 3 миллиард 800 миллион теңге бөлініпті.

Ғимараттың нобайын сызған елордалық фирма үш қабатты ғимаратқа соншама қаржы керек деп есептеген. Оны салатын мердігер Қызылжар өңірінен табылмай, Астанадан аттай қалап алдырылыпты.

"Екі президенттің арқасында қаламыз  көркейіп қалатын болды. Әйтпесе мына жерде ұсқынсыз үйлер тағы елу жыл тұрар ма еді? Қазір бүкіл көше құрылыс алаңына айналып кетті. Бірақ алдағы жылы керемет ықшамаудан болатын шығар. Көреміз", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Роман Усатов.

Екі жарым ғасырдан аса тарихы бар қаланың кіре берісі бұрын жартылай жерге кіріп кеткен ескі үйлерден көз ашпаушы еді. Қазір олардың дені сүріліп, кей жерлерде құрылыс басталып та кеткен.

Жалпы, шенділер 500 нысанды жермен жексен етуге 1 миллиард 700 миллион теңге бөлген. Олардың орнына 11 көпқабатты үй , мың орынға шақталған теннис орталығы мен өзге де әлеуметтік нысандар тұрғызылмақ.

Сонымен қатар, мұнда  «Жас өркен» деп аталатын жаңа ықшамаудан пайда болады.

Президенттер кортежі келіп кіретін орталық көшенің де ені кеңейтіліп жатыр. Оның бойын жағалай жаңа шамдар орнатылуда. Сондай ақ, шаһарда Путиннің аяғы тиеді ау деген 11 көшеге де, жаз бойы дамыл болған жоқ.

Сөйтіп, келесі жылы күзде мәртебелі меймандарды күтетін Петропавлды сол форум бір жарылқайтын болды.

Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Источник: КТК арнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 42

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .