KZ
I`m a singer Kazakhstan: Шоу жалғасуда!
Новости Кино и ТВ

I`m a singer Kazakhstan: Шоу жалғасуда!

Расказать Вконтакте

I`m a singer Kazakhstan шоуының әрбір кезеңі алғашқысынан да қызықты, тартымды және тосын жайттарға толы десек артық айтқанымыз емес. Күн өткен сайын концерттік номерлер мен театрлық қойылымдардың ара-жігі ажырап, бірінші орын үшін талас күшейіп келеді.

I`m a singer Kazakhstan: Шоу жалғасуда!

Шоу ережесі бойынша, әрбір екі апта сайын өзінің ең талантты әнші екенін әлем алдында дәлелдеу үшін қатарға екі қатысушы қосылып отыратыны бәріңізге мәлім. Сол сияқты жетінші эпизодта шоуға келген қытайлық Доллар Ванг пен Қазақстан өкілі Жарқынай Ханайым залдағы көрерменді ә дегеннен таланттарымен тәнті етіп, қатысушылар кестесінің басынан бір-ақ шықты. Бойжеткендердің арынынан байқағанымыздай, олар жоғары сатыны ешкімге бергісі жоқ.

Осы аралықта жобадан тағы бір қатысушы шығып қалды. Өзін әртіс ретінде танытып, алға сенімді қадам басып, блюз және соул жанрларында ән шырқап жүрген Марсель бұған дейінгі образын өзгертпекке бел буады. Сөйтіп, ол көрерменге халық әні «Ақ бақайдың» өзіндік нұсқасын ұсынды. Алайда, «Адам» сияқты көрерменнің көңілінен шыға алмады немесе көрермен оның бағасын бере алмады. Марсель кезеңнің соңында ең аз дауыспен жобадан шығып қалды.

Динара Сұлтанның «Сен» деген романтикалық әнін орындап шыққан Альбина Оганесян да Марсельден бір-екі дауыс басымдылықпен қауіпті аймаққа түсіп қалды. Сол себепті де келесі кезеңде Альбина алдыңғыға мүлде ұқсамайтын, тыныштықты бұзушы бойжеткеннің образында шықпақшы екен.

Шоудың басқа қатысушылары да тосынсый әзірлеп жатыр. Олардың әрқайсысын егжей-тегжейлі баяндап отырмай, бір ауыз сөзбен былай дегіміз келеді. Шоу қатысушылары бұл жолы да сіздерді ерекше әндермен таңғалдырады. Олардың ішінде британ әншісі Adele-ден бастап, әлі күнге өз құнын жоймаған ресейлік культ әнші Виктор Цойдың репертуарынан алынған өнер туындылары бар.

Сегізінші эпизод қандай қызықпен есте қалады? Альбина қауіпті аймақтан шыға ала ма? Жаңадан келген қатысушылар орындарын сақтап қала ма? Бірінші орынға тұрақты түрде жайғасқан Қайрат Түнтековты орнынан ығыстыратын әнші табыла ма?

Мұндай сұрақтардың бәріне осы жексенбі, 12 қараша күні 20:00-де 31 эфиріне шығатын еліміздің ең ауқымды музыкалық шоуы I`m a singer Kazakhstan жауап береді!

Жобаның бас серіктесі - ForteBank

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
3
1
1
0
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии