1670825 Сиви Махмуди: Өзі пиарларды ұнатады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Сиви Махмуди елді шулатқан әрекеттерін күйеуінің айтуымен жасаған

Соңғы кездері өзін жарнамалаймын деп сәтсіз пиарларымен танылған Сиви Махмуди аталған идеялардың бәрін күйеуі ұсынатынын айтты.  Әншінің сөзінше, кезінде желіні шулатқан қымбат көлікті сындыру идеясы да Аңсардікі болған деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Сиви Махмуди елді шулатқан әрекеттерін күйеуінің айтуымен жасаған

Сиви Махмуди күйеуімен. Скриншот: YouTube

"Осы пиарға да инициатор болған, идея авторы осы күйеуім. Мен ұрған қара машина күйеуімдікі. Ринат әшейін отыр рөлде. Ринаттың машинасы - «Камри». Ол жолдасымның машинасы, өзі беріп көлігін, сондай құрбандыққа  барды мен үшін, әйелі үшін. Өзі сол пиарды да ұнатады. Маған неше түрлі идеялар айтады. Қазір неше түрлі идеялар айтып жүр. Қой, қой деп отырмын пиары құрысын деп. Пиарсыз да қазір жақсы, "живой" пиарлар көп кетіп жатыр ғой негізі",- дейді әнші.

Сивидің сөзіне сенсек, жолдасы бұл жоспарын жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт әзірленіпті. Тіпті, қымбат көлікті талқандамас бұрын, техникалық жөндеу орталығындағы таныстарын да құлағдар қылып қойған көрінеді.

"Бірден СТО-ға алып кетті ғой,  оларға звондап қойыпты: "Қазір соғылып келемін дайындалып, күтіп отырыңдар".- деп.

Көк жәшіктен жиі көрініп, тіпті Сивидің клипінде басты рөлді сомдаған Аңсар шоу - бизнесте маған рухани қолдау көрсету үшін жүр дейді ол.

"100 пайызға кіріп кете алмайды ғой енді. Бірақ, 20-30 пайыз мен үшін ғана ғой, рухани, арасында маған керек кезде шақырып аламын, өзі келіп сөйлесіп береді бәрімен",- деді әртіс.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ер бала дүниеге келді

Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)

Қызылордалық алып қыз ауыр дертін емдеуге қаражат таппай отыр (фото)

Түнгі шәйдің кесірі: Атыраулық қарақшылар май құю бекетінің қызметкерлерін сан соқтырды

Павлодар облысында 30 жастағы балықшы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 43

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .