1670742 Әділжан Омаров көпшілікті қазақ тілінде сөйлеуге шақырды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Ринголық әнші: Ұйғыр болсам да, қазақ тілінде сөйлеймін (видео)

Ринго тобының әншісі Әділжан Омаров желідегі парақшасында қазақстандық қыз - жігіттерге арнап видеоүндеу жариялады. Әнші видеода өзінің ұлты ұйғыр болса да, қазақ тілін де сөйлеп жүргенін айтады. Сондай -ақ ол қазақстандық жастарды акцентпен болсын қазақ тілінде сөйлеуге шақырады.

"Баршаңызға сәлем! Құрметті, жігіттер - қыздар! Мен сіздерге бір нәрсе айтайыншы, иә, мен ұйғырмын. Бірақ мен Қазақстанның азаматымын. Мен осы жерде туылдым, осы жерде өстім, мен осы жерде білім алдым, мен осы жерде жұмыс істеп жатырмын. Бұл менің үйім, сол үшін мен қазақша сөйлеуім керек, білуім керек. Сендер де қазақша сөйлеңдер. Мейлі акцентпен болсын, мейлі нашар болсын. Ең бастысы ақырындап -ақырындап сөйлей беріңдерші. Сосын мен сияқты үйренесіңдер",- деді ол.

Әділжанның видеосын көрген желі қолданушылары оған ризашылықтарын білдіріп, ана тілінде сөйлей алмайтындарды әншіден үлгі алуға шақырды.

 

Ал сіздер қазақша сөйлей аласыздарма?⬆️⬆️⬆️

Публикация от AdilJan (@adylzhanumarov)

Источник: Nur.kz
В статье: Ringo

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 33

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .