1668068 Продюсер: Жұлдыз мен үшін Қазақстандағы ең әдемі әйел! ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова он жыл жасырған келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады

 Гүлзира Айдарбекова он жыл бойы жасырған келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады. Продюсер Жұлдыздың өзі үшін Қазақстандағы ең сұлу әйел, ең сұлу ана екенін айтты деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Гүлзира Айдарбекова он жыл жасырған келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Қайрат Нұртас анасы және жары Жұлыдзбен. Фото: Instagram.

"Келінім бір айтқан сөзді миына құйып алып, соған қарап жұмыс жасайды. Ол бізбен бірге барлық жерлерде бірге жүрді, суретке де түсті. Бірақ ол суреттерді жалпылама халыққа жібермейді. Бәрі "Келінін қайда тығып қойды?",- дейді ғой. Жұлдыздың өзі оны қалаған жоқ.

Ол 18 жасынан бастап үйге келін болып енгеннен отбасын қалай ұстау керек, қалай берік болу керек екенін тәрбиеледім. Жұлдыз - жерге қарап, сүмірейіп қалған қыз емес. Кіші жүз ғой, кіші жүздер мықты ғой. Оның бойында тұнып тұрған үлкен қасиет бар", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, Қайрат бұдан кейін концерттерге жеке бармайды, сүйіктісін жанына ертіп жүреді.

"Жұлдыз - мен үшін Қазақстандағы ең әдемі әйел, ең әдемі ана. Өйткені ажырасып, қайта қосылып жатқан жоқ, отбасын ұстады. Екіншіден, нағыз сұлулық бойында. Өтірік татуаж жоқ, өтірік кірпік жоқ, өтірік ерін жоқ. Таза өзінің табиғи сұлулығы, оның тек жүзі сұлу емес, жүрегі де сұлу",- деп ағынан жарылды Қайраттың анасы.

Продюсер бір - екі айдан кейін немерелерін қалың көпшілікке көрсететінін айтты. Гүлзира Айдарбекова оларды да ел қызығатындай жобамен алып шықсам деген ниетін жасырмады.

Тағы оқыңыздар:

Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керек

АҚШ шіркеулерінің бірінде 20 жастағы жігіт отызға жуық адамды қырып салды

Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен ерекше даусымен елді тәнті етті

300 жаңғақты бір минутта жұдырығымен шаққан ер адам жұртты таңғалдырды (видео)

Қатерлі ісікке шалдыққан соң күйеуі тастап кеткен қазақ қызы бақытқа қалай қол жеткізді?

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 68

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .