KZ
Үкімет биыл инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ
Новости Финансы

Үкімет биыл инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ

Расказать Вконтакте
Үкімет биыл инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ

Үкімет биыл инфляция деңгейін жыл басында белгіленген дәлізде - 6-8 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ.

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі "Нұр Отан" ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

К. Мәсімовтің айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 5,2 пайызды құрады.

"Жалпы алғанда Президент тапсырғандай, біз 2009-2010 жылдарда әлеуметтік міндеттемелерді толық орындадық. Бұл баршамызға мәлім",- деген Үкімет басшысы жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруда да жоғары нәтижелер көрсетілгенін атап өтті.

Мәселен, Премьер-Министрдің айтуынша, Жол картасы аясындағы уақытша жұмыс орындарын құрудың жартыжылдық қорытындысына сәйкес , соңғы 3 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткішке қол жеткізілген. Сөйтіп еліміздегі жұмыссыздық деңгейі - 5,6 пайыз құрап отыр.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии