KZ
Азиадаға арналған теңге номиналы бар ма?
Новости Финансы

Азиадаға арналған теңге номиналы бар ма?

Расказать Вконтакте
Азиадаға арналған теңге номиналы бар ма?

Иә, жуырда Ұлттық банкі 2011 жыл­ғы VII қысқы Азия ойындарына арналған но­миналы 100 теңгелік ескерткіш алтын ша­қаны айналымға шығарды.

Номиналы 100 теңгелік алтын шақа 999 сынамалы алтыннан жасалған, таралымы – 8 мың дана.

Шақаның беткі жағында шаңғы мен шақа шығарылған "2010" деген жазу бейнеленген.

Шақаның сол жақ шетінде Тянь-Шань шыршасы бейне­ленген. Шақа­ның келесі жағының орта­лық бөлігінде мұз тәрізделіп жасал­ған көрініс үстінде 2011 жылғы VII Азия ойындарының лого­типі орналас­тыры­лып, қысқы спорт түрлеріне арналған идеограммалармен көм­керілген.

Аталмыш теңгенің номиналы 100 теңге болса, оның металы – алтын, сынамасы – 999/100, салмағы: 1,24 г, диаметрі: 13,92 мм. Номинал Қазақстан Рес­публикасында заңды төлем құралы болып табылады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии