KZ
Құрылыс талабы қайта қаралады
Новости Финансы

Құрылыс талабы қайта қаралады

Расказать Вконтакте
Құрылыс талабы қайта қаралады

Құрылысына қыруар қаржы жұмсалса да пайдасынан гөрі зияны басым, яғни "ұзатылатын қыздай" бостан-босқа сыланып тұратын масыл нысандарға енді Астанада орын жоқ.

Мұның орнына, керісінше, халыққа игілігі басым нысандар салынуы тиіс. Қарша бораған тапсырмамен басталған Үкіметтің кешегі отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов денсаулық сақтау және білім беру нысандары құрылысына қойылатын талаптар мен ережелерді қайта жазып шығуды тапсырды.

Премьердің айтуынша, бұл – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы. "Президент маған бір ай ішінде ден­сау­лық сақтау және білім беру нысандары құ­рылысына қойылатын талаптар мен ере­же­лерді жаңадан жазып шығуды қолға алу­ды тапсырды. Бұл сіздерге де қатысты мә­селе", – деп сөзін бастаған Кәрім Мәсім­ов құры­лыс саласына мемлекет қорынан бө­лінген қыруар қаржының далаға кетіп жат­қанын айтты. "Мемлекеттің орасан зор кө­лемдегі қар­жысы далаға кетіп жатыр.

Мем­­лекет бас­шы­сы зәулім сарайлар емес, ба­лалар мен қа­ла тұрғындарының игілігіне лайық ны­сан­­дар салуды тапсырды", – деді К.Мәсім­ов.

Осыған байланысты Премьер бұл мә­се­ле бойынша Үкімет мүшелеріне сәрсенбі күні барлық әкімдердің қатысуымен кеңес ұйым­дастыруды жүктеді.

"2011 жылдың қаң­тарынан бастап құрылыс жұмыстарын жаңа талаптар мен ережелер бойынша салу туралы шешімдер қабылданады. Осы аптада біз келер жылдың бюджетінде ден­саулық сақтау және білім мекемелерін са­лу­ға жұмсалатын шығынды нақтылауға қа­жетті барлық шешімдерді қабылдаймыз. Атап айтқанда, бұл тапсырманы орындау бір ай мерзімге белгіленіп отыр", – деді Үкі­мет басшысы.

Енді әкімдердің алдағы әр күні ыш­қы­ну­мен өтері сөзсіз. Себебі Үкімет басшысы Үде­мелі индустриялық-инновациялық да­му мемлекеттік бағдарламасының жоба­ла­рын Президентке таныстыру желтоқсан­ның 20-сына белгіленіп отырғанын атап өтті. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, қа­рашаның үшінші онкүндігінде индус­трия­ландыру бойынша жобаларды іске асы­ру барысына арналған селекторлық ке­ңес өтеді. Ал желтоқсанның 20-сына қарай жо­балар Елбасына таныстырылады.

Бұл тапсырмалардың барлығы, яғни таныстырылатын жобалар тұрғысында үй­лестіру жұмыстары Әсет Исекешевке жүктелді.

Кедендік одақтың бәсекені қорғайтын ұлтүстілік жоғарғы органы болады Қазақстан, Ресей және Беларусь 2011 жыл­дан бастап Кедендік одақ аясында бә­се­келестікті қорғау саласында жоғарғы ор­ган қалыптастыру жұмысын бастайды. Оты­­рыста Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төр­ағасы Мәжит Есенбаев осындай жаңа­лық­тың шетін қылтитты.

Оның айтуынша, бұл келісімшарт үш мемлекеттің заңдарын өзара үйлестіру, сондай-ақ ұлтүстілік ор­ган­ды қалыптастыруға байланысты мәсе­ле­лерден туындаған. Үш мемлекеттің бірың­ғай экономикалық кеңістік аясында тізе қоса жұмыс істеген бірнеше айы же­тіс­тіктерге кенде емес секілді. Оны Пре­мьер-министрдің өзі де айтып жатты. "Бір­ың­ғай экономикалық кеңістікте қазақ­стан­дық кәсіпкерлердің қызметіне кең мүм­кін­діктер ашылып отыр",– деп атап өтті К.Мә­сімов. Әсіресе Ресей және Беларусь аумағы бо­йынша теміржол тасымалына еркін түр­де қол жеткізу және кәсіпкерлік мүмкіндік­те­рін арттыратын басқа да мәселелер ше­шімін тауып жатыр.

"Әсіресе бұл экспорт­тау­шылар үшін өте үлкен мүмкіндік. Енді осы­ны дұрыс пайдалана білу керек", – деді Премьер-министр.

"Қазғарыштың" қанаты қатаяды Отырыста ғарыш мәселесі де сөз бол­ды. "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігі төр­а­ғасының орынбасары Мейірбек Мол­да­беков еліміздің ғарыш саласында ТМД ел­дерінде бұрын-соңды болмаған зама­науи технологияларға негізделген өндіріс кә­сіп­орны құрылатынын айтты.

Молда­беков­тің айтуынша, бұл үшін 2015 жылға қа­рай жалпы қосымша құнның өсімін 85 млрд теңгеге, ал экспорт өсімін 15 млрд теңгеге дейін көтерсе жеткілікті. "Бағдар­ла­маның мақсаты – Қазақстандағы толық­қан­ды ғарыш саласын құрудың бірінші ке­зеңін іске асыру болып табылады. Бұл мақ­сатқа жету үшін ғарыш жүйелерін жа­сап, оны пайдалана білу керек. Сондай-ақ желілі ғарыш инфрақұрылымын дамыту ке­рек. Бұған қоса, ғарыш қызметінің ғылы­ми технологиялық негіздерін жетілдірген дұ­рыс", – деді М.Молдабеков.

Сонымен қатар ол спутниктік байла­ныс­ты пайдалану деңгейін 80 пайызға, дәл­дігі жоғары спутниктік навигацияны 30 па­йызға дейін көтеру керектігін де нақ­тылап қойды. Бұл тұтынушыларға қажетті жалпы деректер мен ғарыш аппараттарынан алынатын деректер үлесін 50 пайызға жеткізуге мүмкіндік бермек.

Отырыста арнайы экономикалық ай­мақтар (АЭА) туралы заң жобасы әзірленіп жат­қаны белгілі болды. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қа­малиевтің сөзіне қарағанда, бұл құжат арнайы экономикалық аймақтар жобасына қа­тысушылар үшін жаңа жеңілдіктер беру жа­йын қарастырады.

"Жаңа заң жобасында АЭА қатысушылары үшін тұтынылатын жә­не үкімет анықтайтын тауарларға нөлдік мөл­шерлеме бойынша ҚҚС және жер пай­далану төлемінен 10 жыл мерзімге босату жа­йы қарастырылып отыр", – дейді ин­дус­трия және жаңа технологиялар вице-ми­нистрі Берік Камалиев.

Атап айтар болсақ, заң жобасының ішін­де "Астана – жаңа қала" АЭА-сын КТС (корпоративті табыс салығын) төлеуден 100 пайызға босату, ал "Алатау" инно­ва­циялық технологиялар паркін бес жыл мер­зімге әлеуметтік салық төлеуден босату ұсы­нылған. Сондай-ақ барлық АЭА-ла­р­дың аумағына шетелден жұмыс күшін тартуға қатысты ерекше тетік енгізу және АЭА мүшелеріне "бір терезе" қағидасы бо­йынша қызмет көрсету жүйесін енгізу ұсы­нылып отыр. Заң жобасы Үкіметке 1 жел­тоқсанда енгізіледі.

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии