1655918 Студент: «Әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Қыздар мас күйінде келеді: Қытайда оқитын қазақ баласы ондағы өмірі туралы ашық айтты

Шетел асып, білім алып жатқан қазақстандық студенттер саны жыл сайын өсіп келеді. Соңғы жылдары әсіресе Қытай елінде оқуға жастардың қызығушылығы артып жатқан секілді. Осы орайда, Қытайдың Нанкин қаласында оқитын қазақ баласы NUR.KZ порталының тілшісіне аспан асты еліндегі оқу мен студенттік өмір туралы айтып берген болатын.

Қыздар мас күйінде келеді: Қытайда оқитын қазақ баласы ондағы өмірі туралы ашық айтты

Көрнекі фото: gazeta-lianozovo.ru

Өзінің ата-жөнін атамауды өтінген студент ең алдымен қазақстандықтарға Қытайға оқуға түсу өте оңай екенін атап өтті.

«ҰБТ нәтижесіне қарамайды, арнайы тапсыратын сынақтар мен тексерулер жоқ, жай ғана ағылшын тілін орта деңгейде меңгерген болсан болды. Мен өзім мектепте ҰБТ тапсырмадым, тек ағылшын тілін орта деңгейге жеткізуге тырыстым. Нәтижесінде Қытайдың Пекиннен 2 сағаттық жерде орналасқан Нанкин қаласындағы университетке ақысыз бөлімге оқуға түстім. Аллаға шүкір, қазір 2 курс студентімін», - деп бастады әңгімесін ол.

Осылайша "оп-оңай оқуға түстім" деген студент басы тәтті болғанымен, соңы қатты болғанын айтты. Себебі оқуға барғаннан кейін көптеген студенттер гранттан тез арада айрылып, тіпті оқу үлгерімі мен тәртібінің нашар болғанына байланысты айыппұл төлеуге мәжбүр болады екен. 

Сонымен қатар, қытайлықтар қазақ балаларының оқуы мен тәртібіне мүлде көңіл бөлмейтіндігін айтты.

«Қытайдағы қазақ балаларына жатақханада ешнәрсеге шектеу қойылмаған: жатақханаға кіру уақыты мен шығу уақыты студенттің өз қалауынша. Ал қытай студенттеріне сағат 11-ден кейін кіруге, шығуға тыйым салынған», - деп сөзін жалғастырды ол.

«Қытайда шетел студенттеріне, соның ішінде қазақтарға түнгі клубтар мен барларға кіру тегін, тіпті тек қана кіру емес, спирттік ішімдіктер де тегін беріледі. Тек қазақ болсаң болғаны», - дейді.

Сұхбат барысында студент қытайдағы студенттерге арналған ерекше жұмыс түрі туралы айтып берді.

«Түнгі клубтарда күнде кешке барып, адамдардың арасында жай ғана билеп тұрсаң болды, саған ақша төленеді. Жұмыстың талаптары кешке келіп, клубта билеу ғана, ал түнде келісілген ақшаны қолына ұстатады», - деді.

Қазақ баласы сөз соңында өзінің қытайдағы бірге оқитын достары үшін қатты алаңдайтынын жеткізді. Себебі, ауылдан жаңа барған жастар жастықтың буымен түрлі қателіктерге жол берген кездері болыпты.

«Оқуға келген студент жастар берілген еркіндікті пайдаланып, апта сайын клубтарда қыдырады, спиртті ішімдіктерді жиі пайдаланады. Кейде тіпті қыздар да жатақханаға мас күйінде келеді. Дегенмен, оларға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа жоқ», - деп сөзін аяқтады қытайлық студент.

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев елбасының тапсырмасымен Алматыға ат басын тіреді

Әшімбаев: 100 миллион доллар көмектен бас тартуға қырғыздардың құқығы бар

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің қожайыны ауруханаға аттап баспаған

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбе әкімі балалары оқитын ақылы мектепте "ақша жинағыш" ата-аналар туралы ашық айтты

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 96

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .