1655532 Сенімсіз көліктер қатарында атақты Tesla да бар ➨ Читайте больше на NUR.KZ Авто новости

Осал тұстары көп ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды. Тізімнің ең басында Chevrolet Camaro автокөлігі тұр деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған Baq.kz.

Осал тұстары көп ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Көлік. Көрнекі фото: Baq.kz

Тізімді Consumer Reports порталы жасаған. Ең сенімсіз көліктерді анықтау үшін 640 мыңнан астам америкалық жүргізуші арасында сауалнама жүргізілді.

Америкалықтар Chevrolet Camaro көлігінде трансмиссия, машинаны жүргізетін механизм мен электр проблемасы жиі болып тұратынын айтты.

Бұдан кейінгі орында – Mercedes-Benz GLC. Бұл көліктерде, көбінесе, тежегіш жүйесінде, рөлі мен аспасында ақау шығатын көрінеді. Америкалықтардың көңілі толмайтын тағы бір марка – Jaguar F-Pace. Бұл автокөліктердің де трансмиссия мен электр жүйесі жиі бұзылып, салонда шу болады екен.

Бұған қоса Tesla Model X электрлі кроссовері де осы рейтингке кірді. Жүргізушілер көліктің осал тұстары ретінде бояу, әрлеу, климаттық жүйе мен кузов элементтерін көрсеткен.

«Антирейтинг» ондығына GMC Acadia жол талғамайтын көлігі, Fiat 500 хэтчбэгі, Ford Focus пен Ford Fiesta, сондай-ақ Volvo XC90 мен Cadillac Escalade кірді.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

72 мұсылман намазда тұрған қалпында қаза тапты

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Жақында ғана әлем чемпионы болған жапондық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Источник: BAQ.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .