Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қауіпті қала анықталды

Опубликовано:

"The Economist" сараптамалық агенттігі әлемдегі ең қауіпті қалалардың рейтингін жариялады. Рейтинг нәтижесі бойынша Пәкістанның Карачи қаласы көш бастап тұр деп жазады Massaget.kz.

Ең қауіпті қалалар рейтингі қауіпсіздік шараларының аз болуы, денсаулық пен инфраструктура қауіпсіздігі секілді талаптар бойынша түзілген. Карачи -  Пәкістанның оңтүстігіндегі портты қала. Әлемдегі ең ірі қалалар көшінде алғашқы ондыққа енеді.

Рейтингте екінші орынға Мьянманың Янгон қаласы орналасқан. Үшінші орынға Бангладеш астанасы Дакка енген. Сондай-ақ алғашқы ондықта Джакарта (Индонезия), Хошимин (Вьетнам), Манила (Филиппин), Каракас (Венесуэла), Кито (Эквадор), Тегеран (Иран) мен Каир (Мысыр) қалалары бар.

Әлемдегі ең қауіпсіз қала ретінде Жапония елінің астанасы Токио танылған. Екінші орында – Сингапур, үшінші орынға Осака қаласы орналасқан.

Айта кетейік, сәуір айында әлемдегі ең қауіпті елдер рейтингі жарияланған болатын. Мұнда Колумбия елі қауіпті деп аталған. Йемен мен Сальвадор үштікке енген еді.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

72 мұсылман намазда тұрған қалпында қаза тапты

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Жақында ғана әлем чемпионы болған жапондық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1655330-alemdegi-enh-qauipti-qala-anyqtaldy/

pixel