1654181 Бағаға қатысты пікір білдірушілердің барлығы да Қамбаровқа қарсы шықты. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

Шымкентте небәрі бір аптаға жететін бензин қоры қалған. Сарапшылар жанар-жағармайдың көбіне көршілес өңірлерге кетіп отырғанын айтады. Бұл жағдай өңірдегі сұйық отынның тапшылығына әкеліп соғуы мүмкін.

Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

Көрнекі фото: zakon.kz

Ал жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы «Ресейде бензин литріне 200-220 теңге болғандықтан, біз АИ-92 маркалы бензинді 220 теңгеге көтеруіміз керек», - деп айды аспанға бірақ шығарып, жергілікті халықтың наразылығын келтірген болатын.

Артынша-ақ, бұл әңгіме тұрғындар наразылығын тудырды. Бағаға қатысты пікір білдірушілердің барлығы да Қамбаровқа қарсы шықты. Баға дәл сол мөлшерге жететін болса, қара халық жағдайымыздың мүшкіл болғаны дейді.

"2 күн бұрын 153 теңгеден құйғанмын, кеше 156 теңгеден құйдым, бүгін 158 теңге болыпты. Күніге 2-3 теңгеден қосылып жатыр. Енді қарапайым халыққа жұмыс та жоқ. Айналдырған 40 мың теңгемен күн көріп жүрміз", - дейді тұрғындар.

Облыстағы 500 мыңға жуық көліктің 80 пайызын жеңіл машина құрайды. Олар орта есеппен айына 60 мың тонна бензин жағады. Сұйық отын тапшылығын болдырмауға қамданамыз деген билік мәселенің бір ұшы пысықайлардың отынды сыртқа тасымалдауында деп есептейді.

"Жергілікті полиция қызметіне тапсырма беремін. Бізден шығатын Тараз жолы бар, Қызылорда жолы бар, Ташкент жолы бар. Сол жерлердің барлығына есеп жүргізіңіздер. Сіз жаңа бензовозбен тасиды дедіңіз. Егер сол бензовоздар анықталса, жазалаңыздар", - дейді ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев.

Аймақта бензин тапшылығы сезіледі деген сөзді естіген жұрт жаппай жанар-жағармай сататын бекеттерге ағылуда. Салдарынан операторлар қосымша 35 мың тонна сұйық отынға тапсырыс беріпті.

Тағы оқыңыздар: 

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

Ақтөбелік дәрігерлер ауыр халдегі жігітке әкесінің жанайқайынан кейін ғана көңіл бөлді

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Источник: 31 канал

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 44

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .