1654154 Көпшіліктің үрейін ұшырған оқиғаға қатысты газ құю бекетінің басшылары полицияға арыз түсірмегенін айтты. Происшествия

Ақтөбеде газ бекетін жарып жібермек болған кәсіпкердің кім екені белгілі болды

Ақтөбеде жарылыс жасап, өзіне қол жұмсамақ болған 39 жастағы кәсіпкердің Қайрат Байтөлеков екені анықталды. Ол жанармай бекетіндегі газ цистернасына соғып, жарылыс жасауды көздеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде газ бекетін жарып жібермек болған кәсіпкердің кім екені белгілі болды

Қайрат Байтөлеков. Фото: жеке мұрағатынан

Кәсіпкердің «Тойота-хайлюкс» көлігі цистернаны төңкеріп тастағанымен, жара алмапты. Өзін өлтіруге бекінген кәсіпкер сол жерде қалтасынан пышақ шығарып, қарнын жарғаны айтылады.

Оқиға 13 қазан күні таңғы 5:20 уақытында тіркелген. KNPS жанармай бекетінде тұрған газ цистернасы кәсіпкер көлігімен жасалған қатты соққыдан аударылып қалған. Қалтасындағы пышақпен ішін тіліп, қансырап қалған кәсіпкер жедел жәрдем ауруханасына жеткізіледі.

«Ол адамның өз рұқсатынсыз оның қандай жағдайда түскені туралы ақпарат бере алмаймыз. Науқас туралы ақпарат беру заңға қайшы. Оның үстіне ол кісі бүгін ауруханадан шығарылды», -дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.

Көпшіліктің үрейін ұшырған оқиғаға қатысты газ құю бекетінің басшылары полицияға арыз түсірмегенін айтты. Бірақ, тіркелген дерек бойынша қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалған.

«Көлігімен газ цистернасына барып соққан дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу», «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Ол жігіт - жеке кәсіпкер», - дейді Ақтөбе облысы прокурорының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәуленбаев.

Тағы оқыңыздар: 

Головкин зілзаладан зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар аударған

Арақ-шараптан түгелдей бас тартқан ауылдың тіршілігі туралы не білеміз? (фото)

Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

Ақтөбелік дәрігерлер ауыр халдегі жігітке әкесінің жанайқайынан кейін ғана көңіл бөлді

Талдықорғанда бес жігіт жабылып ұрып кеткен азаматтың анасы әділдік іздеп шырылдап жүр

Источник: NUR.KZ
В статье: Актобе

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 21

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .