1653011 Гүлзира Айдарбекова: Үшіншімді де ұл дегенде өксігімді баса алмадым ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың анасы қызды болуды аңсап жылаған кезін еске алды

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова үшінші баласын да ұл деген кезде "қызды бола алмадым" деп өксіп жылаған кездерін еске алды. Продюсер бұл туралы желідегі парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы қызды болуды аңсап жылаған кезін еске алды

Айдарбековтер әулетінің қос келіні. Фото: Instagram

"Аллаға сансыз шүкір! Біздің шаңырағымызға күннің нұры шашырап тұрады, қашан да жылылыққа толы. Қызым болса деп қалай армандағанымды білсеңіздер ғой. Құдай кешірсін, кезінде 3-ші балама аяғым ауыр кезде, дәрігерлер тексеруден өткізіп, ұл деп қуанышпен жеткізгенде, жолдасым сыртта көлікте күтіп отырған, көзім қарауытып арманым үзілгендей булығып қасына әрең жеттім де, отырған бойда өксігімді баса алмай егіліп жыладым.

Нүрекең: әкесінің өлгенінде есіттіртеді, тыныштық па не болды айт? - деп шошып кетті. Баламыз ішімде өліп қалды деп ойласа керек. "Ұл" деп әрең айттым, өксігімді баса алмай. Жолдасым болса құшақтап, сүйіп мәз", - дейді ол.

Гүлзира Айдарбекова қазір қыздың орнын қос келінінің толтырып жүргенін жазды.

Қайрат Нұртастың анасы қызды болуды аңсап жылаған кезін еске алды

Гүлзира Айдарбекова келіндерімен. Фото: Instagram

"Сөйтсем бекер екен. Міне қазір келіндерім мамалап іздейді, сағынады. Балаларымнан бұрын әуежайдан таласып тұрып күтіп алады. Мен ұнататын дәмдерді түгел өз қолдарымен пісіріп, жылы жүздерімен қарсы алады. Нұрекеңнің үйден, жолға шыққанына екі күн өтпей жатып, телефонына xабарласып жағдайын сұрауды да ұмытқан емес. Менің үйімнің қос гүлі. Менің шуақтарым! Осындай қыздар тәрбиелеп берген ата-аналарына рақмет! Алла, ұзақ өмір беріп, тіл-сұқтан аман етсін!",- деді әншінің анасы.

Тағы оқыңыздар:

"Астана" өз алаңында израильдық "Маккаби" командасын ойсырата жеңді

Діни сенімі үшін әскери киімнен бас тартқан 18 жасар тәжік сарбазы сотталып кетті

Путин өзінің және басқа да лауазымды шенеуніктердің жалақысын қысқартып тастады

Танымал депутат адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 42

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .