1652850 Путиннің жалақысы 2016 жылы 8 миллион 858 мың 432 рубль, яғни 33 мың рубльді құраған ➨ Читайте больше на NUR.KZ В мире

Путин өзінің және басқа да лауазымды шенеуніктердің жалақысын қысқартып тастады

Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы, үкімет өкілдері, вице-премьерлер мен министрлердің, сондай-ақ Бас прокурор, Тергеу комитеті және Орталық сайлау комиссиясы басшысының жалақысын 10 пайызға азайту туралы жарлығын бір жылға ұзартты деп хабарлайды РБК агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Путин өзінің және басқа да лауазымды шенеуніктердің жалақысын қысқартып тастады

Владимир Путин. Фото: Алексей Филиппов/РИА Новости

«Garant.ru» порталында жарияланған құжатқа сәйкес, ресейлік шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы жарлық 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, президент әкімшілігінің, Есеп палатасы мен Үкімет аппараты қызметкерлері жалақыларының 10% -ға төмендеуі туралы ереже кеңейтілді.

Путин өзінің және бірнеше басқа лауазымды тұлғалардың айлығын қысқарту туралы бірінші жарлыққа 2015 жылдың ақпанында қол қойған болатын.

Бұл құжат 2015 жылдың соңына дейін күшінде болды, содан кейін жалақыны төмендету мерзімі 2016 және 2017 жылдары ұзартылды.

Ресми декларацияға сәйкес, Путиннің жалақысы 2016 жылы 8 миллион 858 мың 432 рубль, яғни 33 мың рубльді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің жалпы кірісі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 8,587 млн ​​рубльді құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда, мемлекет басшысының табысы шамамен 2% -ға немесе 181 мың рубльге азайды. (бұл 8.767 млн. рубль болды).

Тағы оқыңыздар:

Семіздікпен күресудің ең жылдам тәсілі анықталды

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Әйтімова адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Қазақ-қырғыз шекарасында сегіз шақырымға созылған кептеліс желіде қызу талқыға түсті

Жалақысы тағы да көтерілетін депутаттар қазынаның ақшасы қайда кететініне бас қатырмаған

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 30

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .