1652728 Депутаттар жаңадан құрылған «Қазақ туризм» ұлттық компаниясына бөлінген қыруар қаржыны көріп, шалқаларынан түсті. Политика

Танымал депутат адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Адам өмірін құтқаруға табылмаған теңгені туризмге жұмсамақ. Бүгін сенатор Бірғаным Әйтімова мемлекеттің миллардтарын бөлгізіп, тағы бір ұлттық компания - «Қазақ туризмді» құрған Үкіметті сынады деп хабарлайды КТК арнасы.

Танымал депутат адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Мәжіліс. Көрнекі фото: newskaz.ru

"Ұлттық экономика министрілігінің саясатын түсінбедім. Тұрғындардың денсаулығына, адам өміріне қатысты мәселе көтерсек - ақша жоқ дейсіздер. Ал туризмге қаржы қайдан табылды?

Әлде ұлттық компаниялардың басшысынан қарапайым қызметкерлеріне дейін асырау - мемлекеттің міндеті ме? Туризм – бизнес орта. Оған бюджеттің ақшасын шашып, компания құруға болмайды", - дейді сенатор Бірғаным Әйтімова.

Депутат акционерлік қоғам болып құрылған ұлттық компаниялар өз күнін өздері көрсін деп отыр. Бұл да бизнес. Қазынаға алақан жаятын жөні жоқ.

Бүгін Үкімет алдағы үш жылдың бюджетін Сенатқа таныстырған. Депутаттар жаңадан құрылған «Қазақ туризм» ұлттық компаниясына бөлінген қыруар қаржыны көріп, шалқаларынан түсті.

Жалпы туризмге келесі жылғы бюджеттен 1 миллиардтан астам теңге қаралған. Оның 635 миллионы «Қазақ туризм» компаниясына беріледі.

Депутаттар әлеуметтік, денсаулық сақтау саласына ақша сұраса, шенеуніктер «қаржы жоқ» деп жолатпайды екен. Алайда, атқамінерлер алған бетінен қайтар емес. Айтуларынша, туризмге салған қаржы еселеп қайтады.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Еліміздің дәрігерлері 2019 жылдан бастап қағазбастылықтан арылмақшы

Өзбекстанда киім ұрлаған қызды шешіндіріп жазалағандар елді шошытты (видео)

Әлемдегі барлық миллиардердің дәулеті қанша мемлекеттің жылдық табысына тең?

Ақтөбелік ана баласын дәрігерлердің "сал қылып тастағанын" айтып, күйінді (фото, видео)

Источник: КТК арнасы

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 24

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .