1651327 Жазба авторының бұл ұсынысын желідегілер бір ауыздан қолдай кетті. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

ОҚО-дағы экс-шенеунік автобус жүргізушілері жүз грамм ұрттап алатынын жайып салды

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы болған, бүгінде №9 колледждің директоры қызметін атқарып отырған Болат Жанәбіл күні кеше қол астындағы қызметкерлерінен қызметтік көлігін бір ай мерзімге алып қойған Шымкент әкімінің бастамасына қолдау көрсетті. Бұл туралы экс-шенеунік желі парақшасында жазды деп хабарлайды өңірдегі  NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-дағы экс-шенеунік автобус жүргізушілері жүз грамм ұрттап алатынын жайып салды

Болат Жанәбіл. Фото: әлеуметтік желіден

«Қоғамдық көлік жүргізушілеріне екі ауысымдық жүйе ендіру қажет! Шымкент қаласы әкімінің қоғамдық көліктердегі қызмет сапасын арттыру бастамасын қолдаймын. Қоғамдық көліктердегі шешімін таппай жатқан кедергілерді жою үшін қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау да биліктің халықтың ішінен шыққанын аңғартады. Әдемі бастама», - деп ойын бөліскен Болат Жанәбіл өз сөзінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне жанашырлық танытты. Тіпті көлік тізгіндегендер кейде жүз грамм ұрттап, шаршауын басатынын да жайып салды.

«Мен де қала тұрғыны ретінде бірер ұсыныс айтайын: Көршім автобус жүргізушісі болып қызмет жасайды. Жұмысқа таңғы 5-тен бастап кетеді кешкі тоғыз-ондарда келеді. Күні бойы автобус айдайды қалада. Күніне тоқтаусыз 13-15 сағат көлік жүргізу оңай шаруа емес. Шаршайды. Нерві тозып біткен. Шаршауын басу үшін жүз грамм тартып та алады кейде.

Бұл жерде айтқым келгені қоғамдық көлік жүргізушілері ауысыммен (сменмен) жұмыс жасау керек. Түске дейін және түстен кейін деп. Келісім шартқа отырғанда осыны ескерсе. Сонда шоферлар да шаршамайды, халық та шаршамайды. Түнге дейін автобус жүрмейді дейміз. Қалай жүреді 15 сағат автобус айдаған адам. Ол да - адам. Отбасы бар. Үйіне қайтқысы келеді. Ұсыныс бұл!», - деп ойын түйді Болат Жанәбіл.

Жазба авторының бұл ұсынысын желідегілер бір ауыздан қолдай кетті.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан құтылып кетті

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Қасиетті рамазанда мұсылман қызды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Автобуспен жүрген экс-депутат астаналықтарды қарапайымдылығымен тәнтті етті (фото)

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 21

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .