1651271 Жаңа рейтинг бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамптың көрсеткіші төмендеп кеткен. ➨ Читайте больше на NUR.KZ В мире

Дональд Трамп президент болғалы бері 600 млн доллар қаржысынан айрылған

Америкалық Forbes журналы 2017 жылғы ең бай 400 америалықтың тізімін жариялады. Жаңа рейтинг бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамптың көрсеткіші төмендеп кеткен. Осы жолы оның қаржысы 600 млн долларға азайып, 3,1 млрд долларды құрады және рейтингте 248 орында тұр деп жазады Qazaqtimes.kz.

Дональд Трамп президент болғалы бері 600 млн доллар қаржысынан айрылған

Дональд Трамп. Фото: Win McNamee / Getty Images

Рейтинг бойынша Американың ең бай адамы ретінде  Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс болып қалды. Оның қаражаты бір жалда 8 млрд долларға көбейіп, 89 млрд доллар болды.

Екінші орында интернет алпауыты Амазонның және Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос, ол 2017 жылы өзінің табысын 14,5 миллиард долларға арттырды.

Ал Berkshire Hathaway компаниясының бас атқарушы директоры және инвестор Уоррен Баффеттің табысы бір жылда 12,5 миллиард долларға көбейіп, 78 миллиард долларға жетті және осы қаржысымен үшінші орынды иеленді.

Ал алғашқы бестікке  Facebook-тың негізін қалаған Марк Цукерберг пен Oracle компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Элисон кіреді. Цукербергтің қаражаты бір жыл ішінде 15,5 млрд-ға көбейіп, 71 млрд доллар болса, Элисонның жағдайы 9,7 млрд-қа артып, 59 млрд долларға жеткен.

Сондай-ақ, рейтингке ілінген 400 америкалық байдың ішінде ең жасы - Snapchat желісінің негізін қалаушылардың бірі Эван Шпигель, оның қаражаты - 3,1 млрд доллар.

Ең кәрі миллиардер - 94 жастағы девелопер Алекс Спанос (2,4 млрд доллар), ең бай америкалық әйел  Walmart сауда желісі иелерінің бірі  Элис Уолтон. Ол 38,2 млрд доллар қаржысымен рейтингте 13 орында тұр.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан құтылып кетті

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Қасиетті рамазанда мұсылман қызды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Автобуспен жүрген экс-депутат астаналықтарды қарапайымдылығымен тәнтті етті (фото)

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .