1651187 Ал, Әселдің туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтін көрінеді. Айтуларынша, бойжеткенді жігіті ұрыс кезінде пышақтаған Происшествия

Көзіне шөп салған жігітінің қорлығына шыдамаған шымкенттік қыз өз-өзін пышақтап тастады

Шымкентте жігітінің көзіне шөп салғанына күйінген 22 жастағы бойжеткен өз-өзін пышақ салған. Осылайша ол өз-өзін өлтірмек болыпты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көзіне шөп салған жігітінің қорлығына шыдамаған шымкенттік қыз өз-өзін пышақтап тастады

Көрнекі фото: sputnik

Көшенің қақ ортасында суық қаруды өзіне жұмсаған азаматша жұртты біраз дүрліктірді. Абырой болғанда, жедел жәрдем қызметкерлері оны дер кезінде ауруханаға жеткізген. Ақхалаттылар оның өмірін аман алып қалу үшін барын салыпты. Ауыр жарақаттан науқас әзірге аяқ басып жүре алмай, ауруханада төсек тартып жатыр.

Әселдің сөзінше, кешкісін жігітімен серуендеп жүргенде оған бейтаныс қыз хабарласып, сүйетіндігін айтқан. Бөгде қыздың қоңырауы оның қызғанышын туғызса керек, жігітті сұрақ астына алады. Ал, ол болса өзге қызбен көңіл қосқандығын жасырмай айтып, керісінше Әселдің өзін қорлай бастайды. Тіпті ұрып соғып, тепкінің астына алған.

Осы кезде бойжеткен өзгемен көңіл қосқан жігітінің әрекетіне күйініп, өзін пышықтап, өмірден қош айтыспақ болады.

"Бейтаныс қыздың жігітіме хабарласқаны ашуыма тиді, айқайлап ұрыстым. Ал, жігітім болса дауыс көтергенім үшін мені ұрып-соғып тастады. Тіпті мені алдап жүргенін, өзгемен кездесіп жүргенін жасырмады. Сөйтіп, көліктегі пышақты алдым да, ішіме ойланбастан тығып алдым. Өлгім келді", - дейді зардап шегуші бойжеткен.

Ал, Әселдің туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтін көрінеді. Айтуларынша, бойжеткенді жігіті ұрыс кезінде пышақтаған. Бірақ, мұны растамаған қыз Ішкі істер органына арыз жазудан бас тартып отыр. Аурухана төсегіне таңылған бойжеткен ауыр жарақатынан әзірге айықпаған.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан құтылып кетті

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Қасиетті рамазанда мұсылман қызды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Автобуспен жүрген экс-депутат астаналықтарды қарапайымдылығымен тәнтті етті (фото)

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 29

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .