1650729 Жан Мұқанов: Шоу -бизнесте мен таңғалатын нәрсе көп екен ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Төреғалидың тойын ұйымдастырушы танымал продюсер кімге ренжіп кетті?

Кеше ғана үйленгеніне үш жыл толған соң үйлену тойын  өткізген Төреғали Төреәлі журналистерге ғана мінез көрсетпей, тойының ұйымдастырушысы Жан Мұқановты да өкпелеткен тәрізді. Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында жазған.

Төреғалидың тойын ұйымдастырушы танымал продюсер кімге ренжіп кетті?

Жан Мұқанов. Фото: Instagram

"Сүйікті еліміздің музыка және телеарна индустриясында аз уақыт еңбек етпедім және мені ештеңе таңғалдырмайтын болар деп ойлайтынмын. Бірақ таңданатын нәрсе әлі де бар екен. Алматыдан Таразға әдемі жобаны әдемі отбасында талқылауға кетіп барамын. Алғаш рет анам қайтыс болғанда Алматыдан жүрегім дәл осылай ауырып қайтқан еді. Ол кезде Алматы мен үшін ерекше қала болудан қалды, сүйікті қалаларымның бірі болғанымен ерекшесі емес. Міне қазір дәл сондай сезіммен кетіп барамын. Көптеген ауыр қиындықтар мен ауыр сөздерге, кемсітулер мен қорқытуларға қарамастан мен және менің командам аталған жобалардың бәрін абыроймен алып шықтық. Он күн отбасыңнан, туған үйіңнен алыста жүру – оңай болмады", -деп жазған ол.

Желі қолданушылары болса өз кезегінде продюсерді той иелері ренжіткен болар деген болжам айтты.

"Сізді ренжіткен бүгінгі той иесі шығар. Қиын адам екені, сараң адам екені сезіледі. Сізге сабырлық! Алладан қайтсын! Еңбегіңізді халық біледі. Кəсібіңіз жүре берсін!", "Не болсын, баяғы ақшасына келісе алмаған шығар, Төреғалидың әкесі нашар адам, баласының абыройын төгіп жүреді", "Жан, сіз Төрештің тойында көрінбедіңіз", "Жүгіріп жүгіріп тойда болмаған қандай жаман Сіздей адам көп болсын",- деп жазған.

Еске салсақ, Жан Мұқанов өз командасымен бірге Төреғали Төреәлінің Алматыда өткен бес күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда әйел қызымен бірге үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Ернар Айдар өзінен айнымайты жұбайын көпшілікке көрсетті (видео)

Алматыда әділ шешім шығармады деп істі болған экс-судья өзін соттамауды сұрап отыр

Мәскеуде 100 адамды өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Өмірден баз кешкен бойжеткен метрода пойыз астына секіріп кетпек болды (фото)

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 43

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .