KZ
Нан бағасына мониторинг жүргізіледі?
Новости Финансы

Нан бағасына мониторинг жүргізіледі?

Расказать Вконтакте

Петропавл қалалық әкімдігінде баға мен тариф өсімін ұстап тұру жөніндегі штаб жұмыс істейді.

Бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы қымбаттаған соң, Петропавл әкімі нан бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды.

Петропавл қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, қала әкімдігі мен 11 сауда үйлері арасында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандуға қол қойылған.

98 сауда нысанында (11 базар, 13 сауда үйлері мен әмбебап дүкендер, 74 дүкендер) бағаға мониторинг жүргізілуде.

Қала әкімі Нұржан Әшімбетов кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, монополияға қарсы күрес ведомствосының, көтерме сауда базарларының жетекшілерімен бірге жедел кеңес өткізді. Қала әкімі сатушылар қоятын нан бағасына қатаң мониторинг жүргізуді тапсырды.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии