KZ
Қызылордада күнкөрістің ең төменгі шамасы қанша?
Новости Финансы

Қызылордада күнкөрістің ең төменгі шамасы қанша?

Расказать Вконтакте

Қызылорда облысында биылғы жылғы қыркүйек айында күнкөрістің ең төменгі шамасы 13 747 теңгені құрады.

Ол мұның алдындағы аймен салыстырғанда, 0,5 пайызға жоғары.

Дегенмен, еліміздегі орта көрсеткіштің осы уақытта 14 587 теңге болып отырғанын ескерсек, Сыр бойындағы тұрмыстық ахуалдың төмендеу екенін аңғару қиын емес.

Қызылорда облысында қыркүйек айында сонымен қатар азық-түлік өнімдері - 8 249 теңгеге, азық -түлік емес тауарлар және ақылы қызмет көрсету 5 498 теңгеге шамаласты.

Оның құрылымындағы сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 15,7 пайыз, ет пен балық -17,9 пайыз, жеміс пен көкөніс - 14,9 пайыз, нан өнімдері - 8,8 пайыз, қант, шай, және дәмдеуіштер 2,7 пайыз болды.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии