Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Айдарқұловтың бірінші әйелі әзілкешпен араларындағы бар шындықты айтты (фото)

Опубликовано:

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет Дәуренді отбасына қайта жібердім деген соң, әзілкеш алғашқы некесінен туған балаларымен  түскен суреттерін Instagram парақшасында жиі жариялай бастады. Оны көрген көпшілік Дәуренді "алғашқы отбасына қайта барды” деген болжам айтты. Осы уақытқа дейін бұрынғы күйеуі туралы ешқандай пікір білдірмеген Баян Әкімжанова Instagram желісінде Дәуренмен дос екендерін жазған деп хабарлайды NUR.KZ. 

“Қайырлы күн, сүйікті оқырмандарым! Жақында парақшамда пікір қалдыруды шектеп тастаған едім, ол үшін айып етпеңіздер! Маған ақ тілегін жазып жатқан жандар көп, алайда менің бұрынғы жұбайыма қатысты дөрекі сөздер жазатындар да жетерлік.  Ол өте жақсы адам, ақкөңіл, жаны ашып тұратын жақсы әке және бар балаларын шексіз жақсы көреді. Оның және біздің басымыздан өткен нәрселер – бар болғаны біздің тағдырымыз. Әркімнің өз жолын таңдауына құқы бар, мен де солай жасадым.

Парақшамда пікір қалдыруға шектеу қойған соң, жекеге сан мыңдаған сұрақтар келіп жатыр. Осы жазбамда маған жиі қойылатын сұрақтарға жауап берсем деймін. Сонымен, екеуміз қайта қосылдық па? Жоқ. Біз ресми түрде және шариғат жолымен ажырастық. Дәуренмен және оның ата-анасымен қарым-қатынасым мінсіз. Олар тоғыз жылдан бері менің ата-анам болып келді, өмір бойы солай болып қала береді. Ал Дәурен екеуміз жақсы доспыз. Екеуміздің үш баламыз бар, сол себепті біздің бір -бірімізге қырын қарауымыз ақымақтық болатын еді.  Бұған дейін де айтқанымдай, ажырасуға мен де қарсымын. Алайда отбасын сақтап қалу үшін бәрін жасап, алайда одан ештеңе шықпаса, ең болмағанда балалардың бақытын ойлау керек",- деп жазды Баян.

Тағы оқыңыздар: Айдана Меденовамен кездескісі келген табынушысы "жол апатына" ұшырады (видео)

Ол "Бұрынғы күйеуіңізді кешіресіз бе?" деп сұраққа да жауап беріп, Дәуренмен қосылуға зауқы жоқ екенін айтты.

"Жоқ! Әркімнің өз таңдауы бар, мен өзім таңдау жасадым. Оны кешіргеніммен, жан дүнием бос,  жек көрмеймін де. Өзім таңдау жасағандықтан, қайта қосылуға зауқым жоқ. "Бұрын бар жүрегіңмен жақсы көрген адамды қалай жібере салуға болады?",- дейтіндерге  менің жауабым: Өткен өмірімді қазіргі өміріммен салыстырып көріңіздер. Бұрын мен жәй ғана бар болсам,  қазір өмір сүрудемін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін!”, – деп жазды Баян Әкімжанова Instagram парақшасында.

Еске салсақ, танымал әзілкеш "Кешью" тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен екінші отбасын құрған. Бірақ жуырда ғана Ақбота Дәуренді бірінші отбасына жібергенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1641702-dauren-aydarqulovtynh-birinshi-ayeli/

pixel