KZ
Керекуде егін орағы қызды
Новости Финансы

Керекуде егін орағы қызды

Расказать Вконтакте

Павлодарда егін орағы қызды, бидай жылдағыдан ерте піскен, түсімі тәуір.

Табиғат Ана оң қабақ танытып тұрғанда диқандар астықты жинап үлгеріп қалмақшы. Өйткені өткен жылы Ертіс ауданында егін бітік шыққанымен, орақ ұзаққа созылып, арты ысырап болған еді. Ертістіктердің сөзіне қарағанда, жаздың құрғақ болуы бидайдың дер кезінде пісіп жетілуіне ықпал етті.Алтын дәнді жинап алуға ауданда 600-ден астам техника жұмылдырылған. Шаруалар екі ауысымда жұмыс істеуде. Басты міндет - ауа райының ашық сәтін тиімді пайдалану. Дихандар әр гектардан орта есеппен 7-14 центнерге дейін өнім алуда. Астықтың сапасы да жоғары. Күннің көзін бойына молынан сіңірген дәнді кептірмей-ақ диірменге бірден жөнелтуге болады, -дейді олар.

Болат Жақаманов, шаруа қожалығы жетекшісі

Бастағанымыз жақсы уақытында, соляркамызды әкелдік, мінекей бар. Былтырғыдан қарағанда жақсы, былтыр кеш болды.Клейковинасы 28 төмен емес, натурасы 800 грамм, жақсы.

Ертіс ауданында былтыр күннің құбылмалы болуынан науқан қар түскенге дейін созылды. Арты ысырапқа айналды. Біз тілге тиек етіп отырған шаруашылықтың өзінен мың тонна бидай далада қалған болатын. Осыны есепке алған Ертіс ауданы биыл бидай алқабын қысқартуға мәжбүр болды. Бұл өңірде ең сапалы бидай өсетінін ескерсек, әрине мұның аудан үшін тиімсіз екені түсінікті.

Таймас Жайықбаев, агроном

Егінді уақытында алып жатырмыз. Алла қаласы бір-екі аптада аяқтаймыз. Егінді сатумен қиындық жоқ. Баға жақсы , құдайға шүкір қазір 28-30 -дан алып жатыр.

Айналасы екі аптаның ішінде аудан еңбеккерлері астық алқаптарының жартысынан көбіне орақ салды. Бастырылып та жатыр.

Ағлан Сәрсембаев, Ертіс ауданы әкімінің орынбасары

Биылғы жылы астықтың берекелігі гектарына 7 центнерден асты.Бұл біздің аудан үшін жаман көрсеткіш емес. Жағдай қалыпты. Сондықтын 10-12 күнде егіс науқанын толық аяқтаймыз. Алты жүз теңге техника бірлігі жұмылдырылды. Жұмыс екі ауысымда, кейбір шаруашылықтарда тәулік бойы жүріп жатыр.

Павлодар облысы бойынша астық берекелілігі гектарына алты жарым центнерді құрайды. Бүгінгі күні 300 мың гектар алқаптың егіні орылды. Облыс дихандары ауа райы осылай болып тұрса, бидайды толық орып бітетініне сенімді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии