KZ
Ақпараттық-технологиялық компаниялар әлеуметтік салықтан босатылады
Новости Финансы

Ақпараттық-технологиялық компаниялар әлеуметтік салықтан босатылады

Расказать Вконтакте
Ақпараттық-технологиялық компаниялар әлеуметтік салықтан босатылады

Елімізде қызмет атқарып жатқан ақпараттық-технологиялық компаниялар алдағы уақытта әлеуметтік салықтан босатылатын болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша тендер өткізуде басымдық отандық ай-ти технология кәсіпорындарына беріледі. Бұл жаңалықты бүгін Байланыс және ақпарат министрі

Асқар Жұмағалиев ақпараттық-технология саласы мамандарының екінші съезінде мәлімдеді. Өткен жылы мемлекеттік қазынадан ақпарттық желіні дамытуға 18 миллард теңгеден астам қаржы құйылған.

423 ай-ти компаниялар мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың, коммуникациялық құрылымдардың тапсырысын өтеп жүр.

Алайда, жабдық орнату, жүйені іске қосу секілді мердігерлік шаруаға шетелдіктер көп кіреді.

Министр бұл салада сараптама жүргізілгенін мәлімдей келе, болашақ тапсырыспен қоса, жабдықты орнату секілді істерге көбірек отандық мамандардың тартылатын айтты. Сондай-ақ еліміздегі 12 университетте өндірістік-зертхана салынып, жаңа шыққан жабдықтар сол жерде сыналады.

Бір жағынан бұл бастама студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Асқар Жұмағалиев, ҚР Байланыс және ақпарат министрі Өздеріңіз білетіндей, 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаға сәйкес, ақпараттық және коммуникациялық сала келесі сектор болатыны белгілі.Осы ақпараттық және коммуникациялық технологияны дамытуға арналған салалық бағдарлама әзірленді.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии