1628635 Клуб қызметкері: Әйелдері келіп, жылағанда жүрегің ауырады ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Букмекерлік клубтан шықпайтын қазақ жігіті аз уақыттың ішінде бомжға айналды

Тараз қаласындағы букмекерлік клуб қызметкері қазақ жігіттерінің күннен күнге букмекерлердің шырмауына түсіп, өмірі тозаққа айналып бара жатқанын айтып күйінді. 10 мин ішінде 150 мың теңгесінен айырылған жігіттердің үйінде аштан аш бала-шағасы күтіп отыратынын жеткізген ол елге жанайқайын айтты.

Букмекерлік клубтан шықпайтын қазақ жігіті аз уақыттың ішінде бомжға айналды

Көрнекі фото

NUR.KZ порталына хабарласқан букмекерлік клуб қызметкері ондағы күнделікті орын алатын сорақылықтар туралы айтты. Оның айтуынша, үйіндегі бала-шағасын аш қалдырып, өзі бар тапқанын ұтысқа салатын жігіттердің қарасы күн өткен сайын көбейіп келе жатқандай.

"Мұндай сорақылықтың түр-түріне куәмін. Былтыр бір жігіт букмекерге мəшинесін, үйін сатып ақшасын ұттырып қойған, сөйтіп  асылып қалды. Тап сол букмекерлік кеңсенің артындағы ағашқа барып, асылып қалған. Хат қалдырыпты. Жылағың келеді.

Тағы оқыңыздар: Алматылық бойжеткен халал жезөкшеліктен қалай қашып құтылғанын айтып берді

Күнде букмекерлік кеңселерге баласын, болмаса күйеуін іздеп келетіндер көп. Мен жігіттерге жаным ашиды, сондықтан жазып отырмын.

Наурыз айында болса керек. Бір жігіт 150 мың теңгесін айналдырған 10 минуттың ішінде менің көз алдымда ұтылып қалды. Əлгі жігіттің əйелі телефон шалып жатыр: "Айлығыңды алдың ба?" деп. Алсаң үйге тамақ алайық, бəрі бітіп тұр дейді. Ал ол болса, екі қолын қусырып жылады-ай кеп. Апаратын ақшасы жоқ. Үстіне пайда тауып апарамын деп ойлап, түксіз қалды. Бір қызығы, ол жігіті келесі айлық алған кезде тағы келді. Келе береді, келе береді", - дейді клуб қызметкері.

"Ал бір қызметкер тіптен бомжға айналды. Өзім танитын жігіт еді. Көлік жөндеумен айналысатын. Сол жігіт тапқан-таянғанын ұтысқа салып, ай жүрді. Артынша әйелімен ажырасып, енді, міне күйіктен ішіп кетіпті деп естідім. Далада қонып жүр екен", - деп күйінді ол.

"Осындай оқиғалар көп. Әйелдері мен бала-шағалары көздерінің жасын көлдетіп, оларды ойлануға шақырады да жүреді. Тіпті кей әйелдер осында келіп шу шығарады. Менің айтпағым, қанша адамның отбасынан береке кетті. Қаншасы ажырасып тынды. Қаншасы далада қалды. Өзім куәмін. Букмекер конторасын ешкім ұта алмайды. Соны білсе екен", - деді атын атамауды жөн санаған қызметкер.

Айта кететін бір жайт, бір ғана танымал букмекерлік кеңсесінің Қазақстан бойынша 330-дан астам филиалы бар. Бұл еліміздегі әрбір елді мекенде, тіпті шағын аудандарда букмекерлік ойындарға сұраныстың артып тұрғанының белгісі.

Тағы оқыңыздар: Жеңгетайлықпен айналысқан нұротандық депутат қыз мандатын қайтарып берді

Ал психолог Жанат Смирнова болса, букмекерлік кеңселерден шықпайтындардың бұл әрекетін психологиялық тәуелділік екенін айтты.

"Бұл тәуелділік. Казино, алкогольді, махаббат тәуелділігі сияқты ол да тәуелділік. Адам бір шырмауына түссе шыға алмай қалады. Мұндай тәуелділіктің себебі балалық шақтан басталады.

Кішкентай кезінде анасының шешімінсіз өздігінен әрекет ете алмайтындар, отбасында түрлі қиындықтарға тап болғандар, жақындарына тәуелді болған балалар өскенде де осындай тәуелділікке бейім тұрады. Өскенде ол кішкентай кезінде ала алмай қалған жоғын осындай орындардан іздейді", - дейді ол.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 120

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .