1626303 Ғалымдар жеті жыл бойы зерттеу жүргізіп, нәтижесін жария еткен ➨ Читайте больше на NUR.KZ Красота и Здоровье

Өмірді ұзартудың жеңіл әрі тиімді тәсілі анықталды

Өмірді ұзартудың жеңіл әрі тиімді тәсілі анықталды деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған Baq.kz.

Өмірді ұзартудың жеңіл әрі тиімді тәсілі анықталды

Кейуана. Көрнекі фото: shkolazhizni.ru

Канададағы Макмастер Университетінің ғалымдары 30 минуттық физикалық белсенділік бір аптадағы бес күннің ішіндегі жүрек қан тамырлары ауруы қауіпін азайтып, өмірді ұзартатынын анықтаған.

Мамандардың мақаласы The Lancet журналында жарияланды. Ауқымды зерттеу жұмыстарына 17 елден 130 мың адам қатысады.

Тағы оқыңыздар: Елімізде барлығына міндетті 0-сынып енгізілмек

Жүргізілген сауалнама барысында еріктілер апта бойы физикалық жаттығулармен қаншалықты дайындалатындарын айтқан. Ғалымдар зерттеуге алған адамдарды жеті жылдай бақылайды.

Белгілі болғандай, 750 минуттан көп жүретін адамдардың уақытынан бұрын қайтыс болуы 36 пайызға қысқарған.

Ғалымдар спортзалға, жүгіруге, жүзуге бармай-ақ, үй жинап немесе жұмысқа жаяу баруға болатынын айтады. Егер осының барлығы орындалса, онда әрбір жеті жылда болатын өлім-жітімді сегіз пайызға азайтуға болатын көрінеді.

New Scientist хабарлағандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 18-64 жас аралығындағы адамдарға аптасына 150 минутты бірқалыпты физикалық белсенділікке және екі күнді бұлшықеттерді қатайтатын жаттығуларға арнауға кеңес береді.

Источник: BAQ.KZ
В статье: Долголетие

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .